«Тұлпарлар туған өлке»

   Талай ақының жырына, талай сазгердің әніне арқау болған,  киелі Торғай төсінде орналасқан  Арқалық қаласының іргетасы қаланғанына биыл 60 жыл толып отыр. Оқу зал бөлімінің меңгерушісі шагирова Әселдің ұйымдастыруымен осы мерей тойға арналаған «Тұлпарлар туған өлке» атты  өлкетану кеші болып өтті. Мақсатымыз өлкеміздің тарихын, қаланың бүгінгі бет- бейнесін, еліміздің еңбек ардагерлері туралы оқырмандарға таныстыра отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Кеш қонақтары: архитектор Қажымұхамбет Әбдікұлы пен жерлес ақынымыз Болат Молдашұлы. Сүйікті қаламыз Арқалықтың алғашқы қадасы кеншілердің жұмысшы поселкесі болып қағылған тарихы экраннан бейне жазба арқылы көрсетіліп, қаланың дамуы мен өлкемізден шыққан батырлар, елдің құнын екі ауыз сөзбен шешкен билер, көріпкел әулиелер, он саусағынан өнері тамған шеберлер, суырып салма ақындар, жезтандай әншілер, нар идірген күйшілер, елінің қамқоршысы саясаткерлер, ғалымдар жайлы бяндалып өтті. Аға ұрпақтың маңдай тері, қажырлы қайратымен құрылған, топырағы кенге бай, жері киелі Арқалық қаласына арнаған жалынды жас ақындарымыз өздерінің жүрекжарды жырларын оқыды. Атап айтсақ, 1. Жалғасбек Әлімғазыұлы. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы.
2.Мәулен Балнұр. АМПИ-ның 2-курс студенті. 3.Жакина Гүлназ. Н.Құлжанова атындағы гуменитарлық колледжінің 2-курс студенті.

Қаламыздың көркем келбеті слайдтар арқылы көрсетіліп, «Туған жер, Тың өлкем» кітап көрмесі құрылды. Әуелеп әндер шырқалып, күй күмбірледі. Кеш соңында кітапханамыздың директоры Алма жақсылыққызы сөз сөйлеп, апталыққа белсенді ат салысқан оқырмандарымызды марапаттады. 


 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска