«Ұлы дала елі-ұлы арман жолында»

  Өткенімізді түгендемей, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. Бүгінгі азаттықтың ақ таңына жету жолындағы ұлт-азаттық күрестің қаһарман батырларын ұлықтауға арналған «Ұлы дала елі-ұлы арман жолында» деген тақырыпта құрылған жылдық кітап көрмесінің тұсаукесерінің ашылуы салтанатты түрде аталып өтілді. Керме қию рәсімі Арқалық қаласының әкімінің орынбасары Есламбек Жеңісұлы мен қолөнер шебері, оюшы Шөптібай Байділдин ағамызға берілді.
Көрменің бірінші бөлімі  «Ұлт мұраты-ұлт азаттығы» 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің  100 жылдығына, екінші бөлімі «Ұлттың саяси да, рухани көсемі»  Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығына, үшінші бөлім «Жаңғырығы ерліктің –Желтоқсан» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жылдығына, төртінші бөлімі «Тәуелсіздік-ұлттың үні, мәдениеті мен рухы» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

  Көрменің ашылуында  қаламыздың әкімінің орынбасары Есламбек Жеңісұлы мен қолөнер шебері, оюшы Шөптібай Байділдин, тарихшы Аймағанбетұлы  Роман ағаларымыз  әр бөлімдер бойынша тоқтала отырып, оқырмандарға көптеген мағұлматтар берді. Сонымен қатар белгілі «Жалын» клубының мүшелері көркемсөз оқылып, патриоттық әндер шырқады.Әр бөлімге бейне фильмдер, слайттар дайындалып көрсетілді. Жалпы көрмеге 150 әдебиеттер қойылып, 35 оқырманға шолу жасалды.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска