05.03.2019
«Анаға тағзым –ғұмырлық парыз»
Көктемнің
ең шуақты мерекесі 8-наурыз екені даусыз. Аналарымызға, әже,
әпке-қарындастарымызға арнайы құрмет, құттықтау білдіретін бұл күн - нағыз ару көктемнің өзі сияқты. Өнер
секторының ұйымдастыруымен осы мемлекеттік мерекеге арналған «Анаға тағзым –ғұмырлық парыз»
тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.
Кеш
әсем әнмен басталып, оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның басты
мақсаты – қаладағы «Ана-дария» мектебінің аяулы ұстаздарын көпшілікке таныстырып,
осы кісілердің ғибратты әңгімесінен тәрбие алу.
Кеш
қонақтары – ардагер ұстаз, қоғамдық жұмыстардың көшбасшысы – Қалтаева
Бақытжамал Аяғанқызы, ұстаз, мәдениет жанашыры Жақыпбекова Қарлығаш
Жақыпбекқызы және ұстаз, зейнеткер – Нұрғалиева Күләйхан. Іс-шара сұхбат
түрінде өрбіді, қойылған қызықты сұрақтарға нақты жауап алынды.
Жергілікті
ақын Молдатай Жапарұлы аяулы аналар мен бойжеткендерді құттықтап, өзінің өлеңін
тарту етті. Кеш соңында, сөз кітапхана әкімшілігіне беріліп, сый-сияпат
көрсетілді.
Кешке
белсенділік танытқан колледж студенттері мен мектеп оқушыларына, ұстаздарға
алғыс білдіреміз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий