Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз.

04.06.2019 ж. 
                                  Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз. 

№2 Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Елдіктің айрықша нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» 
атты патриоттық сағаты ұйымдастырылды. Патриоттық сағатының мақсаты еліміздің рәміздерінің рухани байлығымыз, ұлттық белгіміз екені, оның нышанын таныта білу. Мемлекеттік рәміздерімізді қоғамдық құндылық ретінде қабылдауға ықпал ету. 
Қазақ елінің өз топырағында дүниеге келген, өз аңсарларымыз мүддесіне қызмет ететін тұңғыш ресми мемлекеттік белгілеріміз – барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік тұмарындай. Елдік белгілер ел үмітінің шырағданы іспеттес. Көтерген туы жығылмай, асқақтаған әнұраны, әрдайым жарқын шырқала берсе екен деген тілек – қай халық үшін ерекше көкейкесті, ерекше қасиетті тілек. 
Ниеті адал барша қазақстандықтардың ізгі арманы да осы. Патриоттық сағатымыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, туған елінің рәміздеріне құрметпен қарау – елдіктің, отансүйгіштіктің, тұтастай алғанда, патриотизмнің шынайы бір белгісі екендігі жете түсіндірілді . Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тылсым тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды. 

              4 июня - День государственных символов в Казахстане

Государственные символы — одна из незыблемых основ государства. Государственные символы являются неотъемлемой частью развития любого государства и отражают ту основополагающую концепцию, фундамент и каркас любого государства, который принято называть национальной идеей. Государственным символам Казахстана исполняется 26 лет. Ими являются Государственный флаг, герб и гимн.
Книжную выставку «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз»- «Священные символы нашего государства» подготовила для своих пользователей библиотекари читального зала. Материалы выставки отразили исторический путь, пройденный нашей страной, ее современную экономическую, социальную и политическую жизнь. В обзоре по книжной выставке библиотекарь отметила, что одним из первых шагов нашего независимого государства стало обретение своего флага, герба и гимна.  Казахстанские государственные символы – это не только художественные образы, но и вестники идеи государственной независимости, демократии и патриотизма. А библиотекарь  Шагирова А. провела с читателями урок патриотизма «Государственные символы – национальная гордость». Участники, разделившись на две команды – взрослых и подростков, также посостязались в игре «Аукцион знаний», ответив на предложенные вопросы о государственных символах РК. В результате с большим отрывом победила команда подростков. Подобные мероприятия развивают у участников познавательный интерес, расширяют кругозор, воспитывают уважительное отношение к государственным символам, к историческому прошлому и традициям нашей страны.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска