«Домбыраның дүбірі бар қазақтың бірлігі»


«Домбыраның дүбірі бар қазақтың бірлігі»
 01.07.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тұңғыш рет қабылданған арнайы Жарлығына сәйкес, шілденің бірінші жексенбісі  «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды.
 Бұл күні ұлттық дәстүріміздің, күй мен терме өнерінің айнасына айналған қазақтың қара домбырасы төрге шығарылып, құрметке бөленді. Домбырамыздың қасиеті, маңызы зор. Өйткені, бұл домбыра Қадыр Мырзалиев айтып кеткендей «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» .  Домбыра жан серігіміз болған, ұлтымыздың, ішкі сезімімізді білдіретін дәстүрлі музыкалық аспабымыз. Сол кезден бастап домбыраны биікке ұстап әкелген ата-бабамыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзілген қанатқақты жобалардың қай-қайсысы болсын, ата-бабамыз бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған асыл мұраларымыз. Оның ішінде, қос ішекті қара  домбыраның тілімен айтып жеткізетін тылсым үнін насихаттауға барынша басымдық берілді.
Осы мерекеге орай  қаламыздағы тарихи - өлкетану мұражайы алаңында  кәсіби домбырашылардың қатысуымен «Көңілашар», «Адай», «Балбырауын» секілді әйгілі күйлер орындалды. Жеке орындаушылар да өз өнерлерін ортаға салды. «Домбыраның дүбірі бар қазақтың бірлігі» атты  концерттік бағдарламасын жұртшылық өнер ұжымдарын қызыға тамашаласа, «Киелімсің, ардақтымсың, Астанам!» атты кең көлемде ашық суретті кітап көрмесі барша қала тұрғындарына қызмет көрсетіліп,  қаламыздағы «Арқа дидары» телеарнасына сұхбат беріліп, қала тұрғындарына библиографиялық шолу жасалынды. Іс- шара ойдағыдай өткізілді.




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска