Қойшығара Салғараұлы

Қойшығара Салғараұлы



   

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, ғалым - жазушы  Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы сәуірдің 1 жұлдызында Қостанай облысы, Жанкелдин ауданындағы Көкалат ауылында дүниеге келген.
Міне, ағамыз 75 жасқа лайықты абыройлы жеміспен жетті.
Филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының лаураты, Қазақстан жазушылар одағы мен Қазақстан журналистер  одағының мүшесі,тарих ғылымдарының докторы , профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы.
№ 2 ОҒӘК оқу залының меңгерушісі Құсайын Дәмет Есенжолқызының ұйымдастырумен «Тарих тылсымының тамыршысы» деген тақырыпта тарихи танымдық кеш болып өтті. Кеш барысы мынандай бағыттар бойынша өрбіді. 
    1. «Өмірім менін өнеге». Қ. Салғараұлының өмірі мен шығармашылығына 
                      тоқталдық.
    2. «Тарих көмбесін  тарақтаған»  Қ. Салғараұлының үш кітаптан    « Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы» тұратын әйгілі трилогиясы.
«Түркі әлемі», «Ұлы дала», «Ұлы қағанат», т. б. кітаптарына талдау жасалды.
    3. «Халықтың тамыры – дәстүрі» Автор «Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді», «Ойлан, қазақ!»кітабына енген «Бәрі таным – түсініктен басталады», «Өткеннің өнегесі бүгінге үлгі»,  «Тәуелсіздік тағылымы», «Сана түзелмей, іс түзелмейді», «Халықтың тамыры – дәстүр» т.б. мақалаларында да елді бірлікке, ынтымақтастыққа шақыра отырып, бойымызды жайлап алған мәңгүрттік сияқты келеңсіздіктердің бастауы қайда жатқанын көрсетіп, еліміздің еңсесін көтеруге кесірі тиіп отырғандерт атаулыдан айығудың, ұлттық сананы қалыптастырып, жетілдіре түсудің жолдарын қарастырады.
Сонымен қатар  «Ұлтымыздың тарихын зерделеген» тақырыптық сөре, электрондық көрме, слайд, видео роликтер т.б. көрнекіліктер қолданылды.
 Қ. Салғараұлы «Ойлан, қазақ!» оқылып,  «Туған жер Торғайым!»әні орындалды.
Кешке  қаламыздың құрметті азаматы Байдилдин  Шөптібай қатысып , Қ. Салғараұлының шығармашылығы жайында оқырмандарға көптеген мағұлматтар берді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска