Өлкенің дарабоз дарыны


 23.04.2019 ж.             
                                   Өлкенің дарабоз дарыны
         Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Қоғабай Сәрсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай арналған «Өлкенің дарабоз дарыны» атты кеш – портрет өтті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер баяндалды.
         Мақсаты: Оқырмандарға  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай, Торғай қалаларының Құрметті азаматы Қоғабай Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау.
         Қазақтың кең даласына теңеп, даңқына бас иген замандастарының бірі Оразақын Асқар:
Кеңдігі Сарыарқаның даласындай
Қазақта жігіт қайда Қоғашымдай.
Бұл күнде кім білмейді Қоғабайды,
Халқы үшін тау, көтерген Толағайды. – деп өлең арнаған.
         Іс – шарамызға арнайы шақырылған құрметті қонақтары болып ардагер, қаламыздың құрметті азаматы Алматов Өрекен, еңбек ардагер Бектұрғанов Рақымжан, оюшы, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Байділдин Шөптібай, АРГПИ филология факультетінің оқытушысы Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, ақын ағамыздың інісі Шойбасов Қуанышбек және жерлесі, замандасы Алиев Қапеш аға қатысып, Қоғабай ағамыз жайлы өз – ойларын ортаға салып, көптеген мәнді,мағыналы мәліметтер мен ақын ағамызбен бірге өткізген естеліктерге толы әңгімелерін паш етіп, кітапхана ұжымына  алғыстарын жаудырды.
         Сонымен қатар қаламыздағы экономика колледжінің ІІІ – курс студенті  Умирзаков Ерасыл Әбжан Әбілтай ағамыздың «Мен оны өлмейтіндей көруші едім» атты арнауын оқып, жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» шығармасына зертеу жұмысына талдау жасады. Сондай – ақ «Өлкенің дарабоз дарыны» атты кітап көрме ұйымдастырылып шолу жасалынды.
         Іс – шара соңында кітапханамыздың абонемент бөлімінің меңгерушісі Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы қорытындылады. Кеш – портретке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, жазушы Қоғабай Сәрсекеев жайлы көптеген деректермен таныс болды.


23.04.2019 ж.            
                                   Өлкенің дарабоз дарыны

В рамках    Вемирного дня книги и авторского права к 80-летию со дня рождения  видного писателя, общественного деятеля, нашего земляка Когабая Сарсекееева отделом абонемент был проведен вечер-портрет на тему «Өлкенің дарабоз дарыны».
Цель данного мероприятия- патриотическое воспитание, знакомство с творчеством  писателей - земляков.
    Когабай Сарсекеев – автор исторических романов «Қызыл жалау» («Красный флаг», 1979), «Заманақыр»(«Конец света», 1983), рассказов «Смута» (1988), «1937 жыл», («1937 год»).
  Награждён почётной грамотой ВС КазССР, золотыми медалями Франции «SPI» и Международной  информационной академии.
  Когабай Сарсекеев – лауреат литературной премии им. Б. Майлина, между­народной премии «Алаш», почётный гражданин г.Костаная, удостоен почёт­ного звания «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері».
Почетными гостями мероприятия  были ст. преподавтель кафедры филологии Арк. ГПИ Абдуллина А.А., почетный гражданин города, ветеран труда Алматов Орекен, почетный гражданин города, краевед, художник, писатель Байдильдин Шоптибай, земляк и друг писателя К. Сарсекеева Алиев Капеш, брат Когабая Сарсекеева Куанышбек Шойбасов. Получился настоящий вечер-воспоминаний о писателе. Присутствующие делились своими незабываемыми впечатлениями о встречах с писателем Когабаем Сарсекеевым, о наиболее ярких моментах из жизни писателя.
О творчестве К. Сарсекеева подробно рассказала ст. преподаватель кафедры филологии Арк. ГПИ  А. Абдуллина. Она поделилась личными воспоминаниями о встречах с писателем К. Сарсекеевым, который был другом ее отца, известного журналиста Амирхана Абдуллина.
На вечере звучали патриотические песни о родном крае Торгае, стих-арнау  «Мен оны өлмейтіндей көруші едім» поэта Абжана Абилтаева звучал в исполнении студента 3 курса Аркалыкского колледжа экономики и правав Ерасыла Умирзакова.Своими впечатлениями о книгах писателя делились студенты учебных заведений города  Ерасыл Умирзаков, Капарова Гульдана, наш постоянный читатель Жакия Гульназ.
В ходе мероприятия ведущие демонстрировали слайды, видеоролики о писателе, была сделана электронная презентация книжной выставки.
 О творчестве писателя лучше всего расскажут его книги на книжной выставке «Өлкенің дарабоз дарыны», где были  представлены как отдельные издания разных лет, так и литературные избранные произведения писателя, а также многие другие повести и рассказы, созданные автором в последние годы. Библиотекари сделали подробный обзор литературы по книжной выставке.
Мероприятие получилось содержательным, насыщенным. В заключение было фото на память, приподнятое настроение, благодарность в адрес библиотеки














Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска