«Анықтамалық басылымдар мен сөздіктерді пайдалану жолдары»

«Анықтамалық басылымдар мен сөздіктерді пайдалану жолдары»  атты кітапханалық сабақ өткізілді.Бұл сабақтың мақсаты оқырмандарға энциклопедиялар мен сөздіктердің пайдалану ережелерімен таныстыру. Оқырмандарға ІІІ – кезеңнен тұратын тапсырмалар берілді, атап айтсақ,
І – кезең. «Кім шапшаң?» танымдық ойыны . Оқырмандар берілген тақырыптар бойынша, авторы бойынша, сериясы бойынша, салалар бойынша анықтамалық басылымдарды пайдалана отырып, іздестіру жолын түсіндірді.
ІІ-кезең. Елдерге саяхат. Әр оқырманның  өзі таңдаған елдер бойынша мәліметтер  дайындап, ұсынды.
ІІІ – кезең. Сиқырлы сөздер. Берілген сөздердің мағынасын ашты.  

Әр – түрлі сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.Энциклопедия мен сөздіктер әлеміне ой сергіту жасап, бұл кітаптардың біздің уақытымыз бен күш-жігерімізді үнемдейтіні жайында айтылды. Оқырмандар энциклопедиялар мен сөздіктерді қалай пайдалана  алатынын түсінді.Сабақ қызықты болып өз деңгейінде өтті.

Дайындаған: Ертаева Анара Ерланқызы
                    Өткізген: Оқу залы



Қатысқан -  30 оқырман                                                              10.11.2016 ж.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска