Тың – дала дастаны, тың – ерлік пен елдіктің символы. Тың - қазақ елінің өміріндегі ең бір елеулі кезеңі, ел сүйсінген, ерен еңбектер жылдары. Алпыс жылдық ғұмыры бар бұл оқиғада дүние жүзілік өркениетте орын алатын еңбек майданында ерліктің үлгісін көрсеткен миллиондалған адамдардың тарихта қайталанбас үлгісі бар.Тың шежіресінің талай сын сағаттарын өз көзімен көріп, өз басынан кешіріп ыстық – суығына куә болғандардың, яғни тың және тыңайған жерді игеруде ерен ерліктің үлгісін көрсеткен тыңгерлердің еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау, халықтар достығын әңгімелеп, ізгі дәстүрге тәрбиелеу мақсатында №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залының кітапханашыларының ұйымдастырумен "Тың эпопеясы"деген тақырыпта тың ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Бұл кеш тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы мен Оразалы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналды. Кешке қаламыздың тұрғыны, тың ардагерлері Ищутин Константин Иванович пен Жүргінбеков Айса Жүргінбекұлы қонаққа келді. Сондай-ақ, қаламыздағы Агро-техникалық колледжінің студенттері, Республикалық "Қазақ үні" газетінің қаламыздағы меншікті тілшісі Сүгірбай Әбдіхамитұлы да қаттысты.

Комментариев нет:
Отправить комментарий