«Қаһарлы 1916 жыл»

«Қаһарлы 1916 жыл»
керуен кеші
  
Ұлт – азатық көтерілістің басты ошағының бірі Торғай көтерілісінің себептері, басталуы және тарихи маңызын ашып түсіндіру  мақсатында  «Қаһарлы 1916 жыл» деген тақырыпта керуен кеші өткізілді.
 «Айқас мақсаты – азаттық» бөлімінде 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісінің  басталу себептеріне тоқталдық.
 «Өшпеген намыс, үзілмеген ерлік іздері»  бөлімінде Торғайдағы ұлт – азаттық көтерілісті ұйымдастырушылар жайлы мағлұмат берілді.

 Сонымен қатар, Арқ МПИ студенті Жұматай Бағжан Әуезханқызы өзінің түп нағашысы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушылардың бірі Ақыш Аймағамбетов  жайында зертеген ғылыми деректеріне тоқталып өтті. Ұлт – азаттық қозғалыс жайында жазылған ақындардың өлеңдерінен Тұяқ Дарын Омар Шипиннің «Он алтыншы жыл», Жанерке Мәлікқызы Нұрбаев Мәуленнің «Тарих ұмытпайды» өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыды.   Экран арқылы фотосуреттер, «Амангельді» фильмінен үзінді  көрсетілді. «Ұлы дала елі –ұлы арман жолында» атты кітап көрмесіне шолулар жасалды.   Кешке Арқалық қаласының Агро. Техникалық  колледжінің  студенттері қатысты.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска