Жастар және құқық

Жастар және құқық
Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханамызда 2018 жылы 13-қарашада жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында «Жастар және құқық» атты маманмен кездесу болды. Жаһандану дәуірі қоғамның қай буын өкілі болмасын өміріне өз ықпалын тигіуде. Әсіресе жаңадан өсіп келе жатқан жастар арасындағы қылмыс: сонын ішінде «ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету,»бұзақылықтың алдын алу мақсатында мамандармен кездесіп сұрақ –жауап болды
Жалпы алғанда , Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар саясатына берілген анықтама –мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі қызметінің аясы.
Елдің үкілеген үміті жастарымызға тәлімді тәрбие беру , өсіп келе жатқан жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу жайы туралы айтты. Осы іс-шараға Арқалық копсалалы колледжінің құқықтану заңгер факултетінің 3 курс студенттері.Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі ювиналды полиция тобының учаскілік инспекторы полиция капитаны Берік Жұмаханұлы Мырзабулатов, Арқалық коп салалы колледжінің құқықтану пәнінің оқытушысы Байдилдина Жанна Рашитовна қоғамда жастардын алатын орны, жастардың құқықтары жөнінде өздерінің ойларымен бөлісті. Учаскі инспекторы жастар құқық бұзатын болса, заң алдында жауап беретіндігін, қылмыстық құқықтық бұзушылық туралы кодекстің баптары туралы айтып берді. Іс-шараға қатысқан колледж студенттері өздерін толгандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптаорын алды.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска