Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл.

Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл.
Кең байтақ даламыздың сан қилы тарихына көз жүгіртсек, азаттық туы көк аспанымызда желбірегенше, қаншама теңдік күресі жүргізілді. Солардың ішінде тарих бетінен ойып тұрып орын алған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске биыл 100 жыл. Бұл көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.
2016 жылы 8 қыркүйек күні  абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «Торғай қазақтарының көтерілісі 1916-1917 жылдары» атты кеш өтті.
1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасының Қазақстан, Орта Азия, Сібір халқының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай ірі қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады.Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Жетісуда Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б. азаматтар жетекші болып, Торғайда Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар басқарған ірі ошақтар пайда болды.
Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі – Торғай өңірінде өтті. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынұлын көтерілісшілер хан сайлады. Кенесарының серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің сардарбегі болып тағайындалады. Әліби Жангелдин көтерілісшілердің “рухани көсемі” болды.
22 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың сарбаз Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды.
Азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын қайта жаңғыртып, тереңірек  зерделеу, жас ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз. Осы мақсатта
Н.Құлжанова атындағы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу  МД-12 тобының студент балалары осы тақырып аясында толық мағлұмат алды және Дала өлкесі мұражайынадағы экспонаттар туралы қызықты мәліметтермен арнайы келген қонағымыз: музейдің ғылыми қызметкері Терек Рауан слайдтар арқылы таныстырды. Кеш барысында көш басшысы болған «Амангелді»атты фильмнен үзінді көрсетілді.
«Торғай қазақтарының көтерілісі 1916-1917 жылдар» атты кітап көрмесіне қойылған басылымдарға шолу жасалды. Көрмеге Қазақстандағы 1916ж. ұлт-азаттық қозғалыс картасын, көтеріліс басшыларының фотосуреттері және олардың қазақ халқының ұлттық мүддесін жақтаған істері жайында қысқаша мәліметтер қойылды. «Қаһарлы 1916 жыл»; «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы»; «Торғай көтерілісі»; «Жауды шаптым ту байлап» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар пайдаланушылар назарына ұсынылды.
Халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, егемендікке қолы жеткіздік.
Неше мың жыл өтсе де ол кісілердің ерлігі мәңгі сақталады.
Исабекова Л.Б.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска