Жарқ еткен ғұмыр...

Жарқ еткен ғұмыр...
Жас талантты суретші Тілеген
Балғабайұлы  21-де еді...
(1991 – 2012)
       «Өнер – өмір үшін жасалады» – дегендей Сейтжанұлы Тілеген Балғабайұлы 1991 жылы сәуірдің 6-жұлдызында Қайыңды ауылында дүниеге келген. Балғабай отбасында ортаншы болып өссе де Тілеген балалардан ерекше болған екен.Ауылдың балалары  үй шаруасына көмектесіп, ата-ананың  қолқанаты, елкезек болып өседі емеспе... Тілеген сондай балалардың бірі болған екен... Қай жерде жүрсе де үй жағдайын ойлап, бір шаруаны бастаса екінші шаруаны да қоса алып жүреді екен... Сурет өнеріне бала шағында –ақ әуес болыпты. Қой кезегі келгенде  жайылымға кеткен де  топраққа суреттер салып әуестенген екен....Мектеп қабырғасында сыныптастарының арасында ерекше  болған деседі, сыныптастары. Сыныптың, мектептің барлық іс-шараларында белсенділік танытып, ұйымдастырып, ізденіп, тыным таппайды екен... Өз  білімі, өнерінің арқасында Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Пед.Институтына түсіп, сурет, бейнелеу өнерінен өз қабілетін көрсете бастаған еді. Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒ кітапханасына оқуға түскен жылдың яғни  2009 жылдың 3 қыркүйегінен бастап тіркеліп, оқырман болып еді. Сол қыркүйек айынан бастап бейнелеу өнері саласындағы әдебиеттерді «Әлемдік  өнертану», «Өнер тарихы», «Қазақстан суретшілері» т.б. әдістемелік оқулықтарды оқып,  білім жолында өз мамандығын ізденіп оқитын. Тілегеннің  1-курста оқып жүрген кезінде 20-дан аса  акварельмен, гуашьпен салған натюрморт еңбектері Өнер бөлімінде  көрмеге қойылған еді. Көрмеге шолу жасалып, қалалық «Арқа Дидары» Телевидениесіне түсіріліп, өз еңбектері жайлы сыр шертіп еді... «Өмір – елес, қайта айналып соқпайды...» - деген, 2-курстың басында, ақпан айында Алматы қаласына білімін ұштау мақсатында  кеткен Тілеген қайтып оралмап еді...Туған күніне  бір күн қалғанда  5-сәуір күні қайтыс болған еді...Арқалық қаласында, ОӘҒК, Өнер бөлімі кездесу кешіне дайындалып, презентация ға дайындалып жатқан еді....Тілегенмен! Соңғы рет Алматыға кетер күні, 12 ақпанда келіп, презентация жайлы ақылдасып, «Апай, Алматыдан келген соң кең көлемде өткізейік» - деп ақылдасып кеткен болатын...
    Тілеген  жарқырап құрдастарының ортасында жүрген де 2016 жылдың 6- сәуірінде  25 жасқа келер еді...
«Тілеген біз сенің нәзік жүрегіңмен қабылдап,  қолыңмен  салған еңбектеріңді насихаттау арқылы, жиі еске алып, жастарға үлгі болсын деп  отырамыз...»




                                                №2 ОӘҒК, Өнер бөліміндегі апайларың.  Арқалық қаласы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска