«Киелі мекенім-кітапхана»

«Киелі мекенім-кітапхана»
атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші.

17 сәуір күні әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен
 - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай «Киелі мекенім-кітапхана» атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.
Кештің  мақсаты: қоғамда кітапхана мәртебесін көтеру, ардагерлеріміздің жасаған еңбектерін алдағы ұрпаққа насихаттау, кітапхана ісі мамандығын таңдауға жастарды бағыттау кештің негізгі мақсаты болып табылады.
Кештің құрметті  қонақтары білімділіктің киелі ордасы кітапхананың қасиетті қазынасын көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып,  осы кітапханада бірнеше жыл қызмет атқарған кітапханашы ардагерлеріміз  Нұрманова Алма Жақсылыққызы мен Ермағанбетова Айнагүл Маткенқызы.
Тарихсыз ел болмайды демекші, кеш басын  кітапхананың тарихымен бастауды жөн көрдік. Өмір жолын қарапайым кітапханашыдан бастап № 2 ОӘҒК-ның директорлығына дейін көтеріліп, кітапхана саласында тер төккен  Алма Жақсылыққызы туралы сыр шертіп, одан соң   тарихымыздың ұзын сонар, сан қилы жолынан өткен мәдени үрдістерімізді шашау шығармай бүгінгі мен келешек мұрасына айналдыруда кітапхана ісінің библиография саласына қызмет атқарып келген  Айнагүл Мәткенқызының өмірбаянымен таныс болды.
«Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырғанына кітапхананың оқу орнында алар орны орасан зор. Кеш барысында қонақтарымызды сөзге тартып, кітапхана саласында басталған еңбек жолы жайлы әңгіме қозғадық.
Қонақтарымызға әр түрлі сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісе отырып, қатысқан оқушыларға кітаптың  адамзат мәдениетін қалыптастырып, дамытудағы, адам парасатын биіктетудегі, білімін шыңдап көтерудегі баға жетпес құрал екенін айтты.
Әр кезде еңбектің қиындығына төзе білген, еңбектің қадір-қасиетін түсіне білген игі жандарға кеш соңында  кітапхана басшысы Борибаева Қазына Байсабекқызы жүрекжарды тілегін арнап,  кітапхана ісінің ардагерлері туралы жазылған әдістеме-библиография бөлімі дайындаған библиографиялық көрсеткіштер мен сыйлықтар табыс етті.  
Кездесу кешіне арнайы шақырылған қонақтарымыз  ҚР Мәдениет қайраткері, Меценаттар клубының Қазына сыйлығының лауреаты Отаркүл Оразбайқызы мен Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының директоры Елтебаева Гүлбану Төкенқызы, Арқалық қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы қатысып игі тілектерін айтты.  Арқалық хабары  БАҚ өкілдері мен Абай Құнанбаев атыңдағы жалпы білім беретін № 6 орта мектептің 9 сынып оқушылары, жетекшілері қатысты.
«Делу книжному верны»,
вечер-встреча с ветеранами библиотечного дела
В рамках Недели Книги, приуроченной к  Всемирному дню книги и авторского права, в областной универсальной научной библиотеке № 2 г. Аркалыка была проведена вечер-встреча с ветеранами библиотечного дела.
С чего начинается библиотека? Конечно, с доброй и мудрой книги, безгранично преданных своему делу людей. Из века в век библиотекарь занимал, и будет занимать важное место в общественной жизни, так как он работает в сфере духовной культуры. Возможно, работа библиотекаря не так заметна, как труд врача или учителя, и нельзя увидеть какой-то конечный результат их работы. Но, всё-то влияние, которое оказывает на общество их работа – неоценимо.
                Встреча носила красивое и душевное название «Делу книжному верны». В ходе мероприятия прозвучали не менее красивые слова поэтов, сказанные о библиотекаре, книге. Виновниками торжества были ветераны библиотечного дела Айнагуль Маткеновна Ермагамбетова и Алма Жаксалыковна Нурманова. Своих коллег пришли поздравить директор музея Степного края Елтебаева Гульбану Токеновна и Отаркуль Оразбаевна Мукатова, заслуженный работник культуры, коллега-библиотекарь-Құсайын Дәмет.
 Трудовой деятельности ветеранов был посвящен видеоролик «Делу книжному верны». Бывших  работников библиотеки, некоторые сейчас находятся на заслуженном отдыхе, данное мероприятие стало настоящим подарком. Встреча дала им возможность не только услышать теплые слова в свой адрес, но встретиться с коллегами, вспомнить годы работы, увидеть, как сегодня ведется работа в библиотеке.
Многие из собравшихся в этот день проработали здесь десятки лет – и в советское время, и в независимом Казахстане. На их глазах менялась библиотека: появлялись новые формы  работы, повышался статус, однако запоминается всегда то, что выбивается из повседневной рутины: интересные, неординарные  читатели, забавные случаи,  совместные праздники и поездки. Теплая, дружеская обстановка располагала к воспоминаниям, которыми с удовольствием делились ветераны. А рассказать было о чем, ведь жизнь библиотечная неповторима, порой непостижима для людей иных профессий. В ней свои печали и невзгоды, радости и открытия. Для них звучали музыкальные поздравления.
В завершении встречи вновь поздравили присутствующих с праздником и пожелали, чтобы каждый их день был наполнен счастьем, теплом и светом. Также они обратились с просьбой к молодым библиотекарям - быть профессионалами своего дела, любить и уважать свою профессию, служить его величеству Книге.








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска