Ынтымақты елдің ырысы мол!

Ынтымақты елдің ырысы мол!
(Ырыс алды – ынтымақ)

         Облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімшесінде
1-мамыр – Қазақстан халықтар бірлігі күніне қарсы «Ынтымақты елдің ырысы мол» тақырыбымен сұхбат кеші өтті.
        Қазақ ұлты Қазақстан Республикасында 18 миллионнан аса ұлты бар, 130-дан астам ұлыстың өкілдерімен бірге бейбіт өмір сүріп жатқан байырғы және негізгі халқы.  Қазақстан тәуелсіздік алып, бейбіт өмірге қол жеткізіп Қазақстан Республикасы деген жеке мемлекет болған уақыттан бері 1-мамыр – Қазақстан халықтар бірлігі мерекесі аталып, мерекеленіп келеді. Арқалық қаласындағы Облыстық №2 ғылыми-әмбебап кітапханасында осы мерекеге орай «Ынтымақты елдің ырысы мол» тақырыбында сұхбат кеші ұйымдастырылды.
Сұхбат кеш қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының Педагогика-Филология факултетінің  2-курс студенттері – Юнусова Махлия Ділшадқызы және Темірбаева Нозима Ұлықбекқызы. Юнусова Махлия Қазақстанның Шымкент облысы, Манкент ауылынан, Темірбаева Нозима – Түркістан қаласынан келген, өзбек ұлтынан. Ата-Бабалары ертеректе шекара асып өтіп, осы өңірде тұрақтаған. Арқалық қаласындағы Институтқа грантпен түскен «педагогика-психология» мамандығынан білім алып жатыр. Екі жаста орта мектепті өз тілдерінде-өзбек мектебінен  бітірген. Қазіргі уақытта қазақ тілінде еркін сөйлеп,  институтта қазақ тілінде оқып жатыр.  Орыс, ағылшын тілдерін қосымша үйреніп жатқан жайлары бар екен. Өзбек ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін өрнектей әңгімелеген жастар өз өнерлерін көрсетіп өзбек тілінде «Қазақстан елім менің» көркем сөзін оқып берсе, өз тілдерінде әнде шырқап, өзбек биін билеп өнерлерін көрсетті. Кешке жиналған №1 Ш.Уәлиханов және №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектеп оныншы сынып оқушылары өз тараптарынан сұрақтар қойып қонақтардан тұшымды жауаптар алды. Сұхбат кешін «Қазына» ансамблінің белді әншісі Набира Шағипқызының орындауындағы әндер әрлендіріп жіберді. Ардагер ұстаз Әмина Сарманқызы жастарға бата беріп, кеш соңында сый-сыйапат жасалды. Ұстаздарымен сұхбат кешіне қатысқан жастар қонақтармен естелік суретке түсіп,  жақсы әсерде тарасты. Ұйымдастырып, жүргізген Өнер бөлімшесі қызметкерлері.
28 сәуір, 2017 жыл.

        В областной универсальной библиотеке №2 состоялся вечер-диалог, приуроченный к 1 Маю – День солидарности народов Казахстана.
    Гостями вечера «Ынтымақты елдің ырысы мол» были студенты 2 курса Аркалыкского Государственного педагогическогог института – Юнусова Махлия Дилдашкызы и Темирбаева Нозима. Обе участницы уроженки Южно-Казахстанской области, узбекской национальности. Обе девочки -  обладатели гоударственного гранта, свободно владеют казахским, учатся русскому и английскому. Вечер прошел в виде диалога, сначала студенты рассказали о своей Родине, родителях, о том, как они оказались в нашем городе. А также участницы, по очереди, говорили о своей историчекой Родине, об обычиях и традициях узбекского народа. Девочки на родном языке прочитали стихотворения, пели народные песни.
    На встрече приняли участия старшеклассники школы №1 и №6 вместе с классными руководителями. Вечер прошел на высоком уровне, было очень интересно, было задано учениками много вопросов. Были услышаны соответствующие ответы.
    В конце мероприятия, слово было предоствлено пенсионеру, педагогу, музыканту Амине Сармановой. Она сказала слова напутствия и пожелания гостям встречи.
    На вечере в исполнении члена ансамбля «Қазына» Набиры Шагипқызы прозвучали несколько песен.
    Были вручены небольшие подарки и сделаны фотографии на память. Вечер был организован сектором искусства.













Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска