"Отбасым - алтын діңгек"

"Ел болам десең,бесігіңді түзе!",- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Болашақ ұрпақтын еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда ата-ананың ықпалымен қалыптасады .Ата-аналардың ұлағаты сөздерің санасына сіңіру, жастарға отбасы  құндылығын дәріптеу мақсатында №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінің кітапханашсы Әубәкірова Кенжегүлдің ұйымдастырумен  "Отбасым - алтын діңгек"атты дөңгелек үстел  болып өтті.Осы біздің дөңгелек үстелімізге қаламызға сыйлы отбасылары Дауғарина Жұмабике Салыққызы, Сұлтанбеков МаратСұлтанбекұлы, Нұрғалиева Күлайхан Сабыржанқызы, Искаков Серік Нұрғазыұлы, Искакова Гүлжан Әбдиқыздары қатысып, ұлағатты, үлгілі, ұлың - ұяға, қызың -қияға ұшырып, қазіргі уақытта немере қуанышына бөленіп отырған отбасылардың отағасы мен отаналары өздерінін жүрек жарды ойларымен бөлісті.  
Экран арқылы отбасылардың жанұялары жайлы арнайы слайд, бейне фильмдер көрсете отырып әр түрлі сұрақтар қойылды, ойындар ойналды.Бұл іс-шараға Арқалық қаласының медицина колледжінің 3-курс студенттері мен оқырмандар қатысты.Студентер  қонақтармен бірге отбасы жайлы өз ойларын ортаға салып. Анар Шобанқызының өзінің жүрек жарды "Отбасым-тірегім", Әмірбекова Әсем "Ана" туралы өлеңнің оқыса, Жандос  "Әкешім, анашым" әнің, Нұрсая Әбдікәрімқызы "Әке" туралы ән шырқады.

Іс -шара соңында №2 ОӘҒК директоры Нұрманова Алма Жақсылыққызы қонақтарды құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска