« Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »


26.11.19 ж.
« Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »

   1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш – өз елінің Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қабылдады. Елбасы Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, тұғырлы елтаңбасын көкке көтерген тұлға. Содан бері  осы күн «Тұңғыш Президент күні» деп аталып келеді. Соның бір дәлелі  Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  оқу залы бөлімі  мен  Арқалық қаласы  «Сәби-Арқалық» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Осы айтулы тұңғыш Президент мерекесі куніне орай «Елін суйген, елі суйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті..
     Тұңғыш Елбасымыздың туған жері, ата-анасы, өмірі, еңбек жолы туралы айта отырып, Елбасы туралы тереңірек меңгерту және оқырмандарды Отанын, халқын сүюге, Президенттің даналығын, кемеңгерлік әділ-тәсілдері арқылы насихаттау мақсатында өтті. Елбасымыздың көптеген кітаптары мен баспалары көрмеде  ұсынылды. Осы іс-шараға Арқалық педогогикалық институтының 1-курс студенттері Махсұтхан Үздік, Эбилхаева Ардақ, Шакир Гүлназ, Берекетова Балнұр сынды қыздарымыз жыр шумақтары мен өлең айтса, Н.Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж студенттері Қапан Олжас, Бейсенбаев Амандық, Шайхы Әділет сынды ұлдарымыз әнмен әсемдеп, күймен күмбірлетті. Іс-шара соңында мекеме мүшелері Құсайынұлы Бақытжан атамыз бен Біркенова Гүлзейнеп ажеміз жүрек жарды тілектерін тілеп, Қадиша әже мен Хамитжан атамыз баянмен сыңғырлатып ән салды. Бүгінгі бала, ертеңгі жас, әр бір қазақтың жүрегі «Мен қазақпын» деп соқса, еліміздің туы биік,тұғыры берік болатынына сенімдімін. Баршаларыңызға отбастарыңыз аман, әрдайым қуаныш пен шаттық тілеймін.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска