" Ізгілік ұядан"

" Ізгілік ұядан"
                             Отбасылық библиомагия
  Отбасы күніне орай" Ізгілік ұядан"атты  отбасылық библиомагия болып өтті. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол, сондай отбасылардың қатарына өмірі ұрпағымен сәнді болып отырған мәуелі бәйтерек іспетті, көпті көрген, көргенді ұрпақ тәрбиелеген, біреуге ақылшы, біреуге тірек бола білген, ұлың ұяға, қызың қияға қондырған, бүгінгі танда немере шөберенің қуанышына бөленіп отырған абзал ата-аналар Төлеубай Қабжанұлы мен Түймегүл Жүсіпқызы, Байкожина Ақмаржан қажы апамыз,Уазира қажы Нуриденқызы, Ханшайым Нұрмағанбетқызы  өздерінің бала тәрбиесіндегі жүрекжарды ойларымен бөлісуге келді. 
Төмендегі сұрақтар төңірегінде  ой қозғалды.
 1. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең  қуанышты қызық дәурені осы отбасынан өтеді. Олай болса, бала өмірінің     
алғашқы күнінен бастап  ата -ана өздерінің негізгі борыштарын қалай атқару керек деп ойлайсыздар?
2. "Ізгілік ұядан", "Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің" демекші,шаңырақта  дұрыс тәрбие көрмеген сәби ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз
отбасында қайталайды.Осы жөнінде не айтасыздар?
3. Бүгінгі таңда баласымен ісі жоқ,жанұяда өзара қарым-қатынасын шеше алмайтын отбасылар   баршылық. Көп жағдайда ата-ананың әлеуметтік жағдайы немесе өз жұмыстарына қанағаттанбауы,шаршауы, қалжырауы,  өздерінің проблемаларын балаларын араластыру,сәтсіздіктері немесе көңіл күйінің болмаған жағдайда балаларының  абыройын  түсіріп, жазалайды.  Сөйтіп, қоғамымызда "қиын бала" және "қиын ата-ана"  деген ұғым қалыптасқан.Осы түйткілді қалай шешуге болады?
 4. Адам баласының ажары да, бақыты да,  отбасынан басталады. Ал отбасы
    бақыты деген не?
Төлеубай Қабжанұлының немересі Бақберген өзінің ата әжесінен көп тәлім тәрбие алып отырғаның айтып,түнде жатарда айтатын сөздерің айтып берді. Бар өмірін бала тәрбиесіне арнап 30 жыл ұстаздық қызымет атқарған Төлеубай атамыз жастарға ақ батасын берді. Айым Тойшыбекқызы мен Мақпал Мәлікқызы "Мереке", Нұрсая Әбдікәрімқызы "Ана", Әбдіхамит Тоқтар "Апа" әндерін мерекеге тарту етті. "Шуақты шаңырақ шаттығы" тақырыптық кітап  көрмелелері, слайдтар көрсетілді.

 Дайындап өткізген Аубакирова Кенжегүл

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска