"Халқымыздың шоқтығы биік ғалымы"

Ермұқан Бекмаханов – көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ  КСР ҒА корреспондент мүшесі, қоғам қайраткері, биыл жүз жылдық мерейтойы.
  Қазақстанның тарихын жазу ісінде ғылыми және азаматтық ерлік жасап, сол үшін ұлтшыл атанып, түрме азабын тартқан, небәрі елу жыл ғұмыр сүріп опат болған күрескердің күллі өмірі үлгіге толы.  Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі Кенесары Қасымұлының жойқын қаһармандық күресін ұшан-теңіз тарихи және әдеби-мәдени деректер негізінде ересен білімпаздықпен, терең ойшылдықпен толғаған, ұлт тарихының ақиқатын жазуда орны ерекше тұлға. Осыған орай көрнекті ғалым қайраткері, тарих ғылымының докторы, жүзден аса ғылыми еңбектердің авторы, өмірі мен атқарған қызметі жайлы мағлұмат беру мақсатында  "Халқымыздың шоқтығы биік ғалымы" атты тарихи сағаты өткіздік.  Жазушының өмірі жайында арнайы слайд дайындалып, кітап көрмесі қойылды. Көрнекті ғалымның өмір жолы туралы профессор Ә. Тәкенов, М. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т. Омарбеков, С. Мажитов жазған ой талғамдарына тоқталдық.  

Сонымен қатар Хамза Абдулиннің "Ермұқан Бекмахановқа" арнау өлеңін Әсем Бақытқызы оқып берді.  Тарихи сағат оқу залының кітапханашысы Акшалова Ұлтуғанның ұйымдастыруыме

н өтілді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска