«Ұлттық
теңге – мақтанышымыз»

1992 жылы елде төрт адамнан
құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің
авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері
Қайролла Ғабжалилов,
Мендібай Әлин мен Ағымсалы
Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар
Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып,
үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені
елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи
күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.

Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан
айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы
кеңірек таныстыру. Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту,
белсенділіктерін дамыту. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол
жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Кешіміздің қортынды сөз кезегін
кітапхананың оқу залының меңгерушісі
Нұрманова Алма Жақсылыққызына беріліп,сайыскерлерге кішігірім сый сияпат
табысталды. Іс-шарамызға Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледжінің БМ-12 топ студенттері қатысып, ұлттық теңгеміз жайлы көптеген мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл
күймен естелік суретке түсті.
Комментариев нет:
Отправить комментарий