«Қаламы ұшқыр журналист»

                             «Қаламы ұшқыр журналист»
         Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасында  әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен   қарымды журналист Жақсылық Жүнісұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Қаламы ұшқыр журналист» атты жаднаманың тұсау кесері өтті.

Іс- шараның мақсаты: оқырманға жарты ғасыр бойы қалтқысыз қызмет еткен қаламгер Жақсылық Жүнісұлының өмірі мен еңбек жолын таныстырып, шығармашылық еңбектерін насихаттау.
          Іс-шараны, жаднаманы өңдеп құрастырушы, кітапхана библиографы Ермағанбет Сәуле Ғалымжанқызы жүргізіп отырды. Жаднаманың І бөлімі -  «Өмір: өткендері мен жеткендері» деп аталды. Бұл бөлімде Жақсылық Жүнісұлының өмірі мен еңбек жолдары кеңінен қамтылған.
 ІІ бөлім - «Серік етіп қаламды». Жақсылық Жүнісұлының не жазса да, жауапкершілік пен жинақылықтан ауытқымауы, қара қылды қақ жаруға тырысуы – оның  қолтаңбасының басты ерекшелігі еді. Қашанда, айтар ойын шегелеп, ноқталап жеткізеді. Оның көкейтесті мәселелер көтеріп, көпшілікті елең еткізерлік, өзекті мәселелерді арқау еткен мақалалары газет – журналдарда басылған. Бұл бөлімде Жақсылық ағаның сонау 1976 жылдан осы уақытқа дейінгі мерзімді басылымдарда жарияланған шығармалар тізімі берілген.
Жаднаманың ІІІ бөлімі -  «Қарымды қаламгерді құрметтеп»  деп алынды. Бұл бөлімде мерзімді басылымдарда әріптес іні-қарындастарының Жақсылық Жүнісұлы туралы және ол кісінің жазған мақалалары жайлы  ой – пікірлері берілген.Сонымен қатар, үзенгілес соңынан ерген қаламдас інілері Нағашыбай Мұқатов пен Мұқият Қойшыбайдың Жақсылық Жүнісұлына арнаған арнаулары, «Экономика» баспасының бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Бекболат Әдеттің, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Қайсар Әлімнің, профессор Темірбек Қожакеевтің, халықаралық  Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Орысбай Әбділдаұлының ағамызға білдірген жылы лебіздері берілген.
  ІҮ-ші -  «Тағылымы мол еңбек» бөлімінде -  Жақсылық Жүнісұлының кітаптарына  шолу жасалды.
            Қарымды қаламгер  «Сыр сандық» , «Дала дарабоздары», «Жылдар жаңғырығы», «Табиғатпен егізбін», «Қарымы бөлек қаламгер: толғамдар, пікірлер, арнау өлеңдер, қағытпалар», «Топжарғандар туралы толғау: сұхбат, ой-толғамдар, мақалалар»  атты кітаптардың авторы. Торғай өңірінің өнер өрендері, тамаша түлектері туралы толғана жазды, қарапайым еңбек адамдарын, игі жақсыларын мақтанышпен елге үлгі етті. Ел ішіндегі талант иелеріне, әдеби туындыларымен оқырман жүрегіне жол тапқан ақын – жазушылардың, өнері мен тыңдаушысын тәнті еткен сахна саңлақтарының  ерен еңбегі мен абыройы аспандаған өндіріс шамшырақтарының өмірінен ой толғап, жұрттың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің төңірегінен әңгіме қозғайды. Өнер зерттеушісі Күланда Бөкешова, ақын Әбжан Әбілтай, журналист Аңсаған Атымтаев, мүсінші Әбілбек Ұзақұлы және т.б. жайлы ой – толғамдары соны айғақтайды.
 Жаднаманың V бөлімі - «Суреттер сыр шертеді». Бұл бөлімде аты айтылып тұрғандай, Жақсылық Жүнісұлының  әр-түрлі кездесулердегі және еңбек, өнер адамдарымен сұхбаттасу кезінде түсірілген естелік суреттері берілген.
Сонымен қатар, Жақсылық ағаның әрі досы, өлеңнің өрен жүйрігі, ақын Серік Тұрғынбекұлының «Жақсылық жайлы жыр»  атты өлең хатын кітапханашы Сымбат Көшкімбай  мәнерлеп оқып берді. Тағылымды іс-шараға  мерей той иесінің жұбайы Б. Оңайқызы, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысып, замандасы Л. Ерғалиева  мен  «Кітапхана ісінің ардагері» А. Ж. Нұрманова жылы лебіздерін білдірді.

         Әсерлі естеліктермен өріліп, әсем әнмен астасқан іс-шараны кітапхана директоры Қ. Б. Борибаева қорытындылап, ардагер журналистке ескерткіш сыйлық табыс етті. Қарымды қаламгер кітапхана ұжымына ризашылығын  айтып, алғысын білдірді.


Презентация библиографического пособия

В рамках программной статьи Н.Назарбаева «Рухани жангыру», по пропаганде творчества казахстанских писателей и писателей-выходцев из Тургая, к 75-летию журналиста, местного писателя Жаксылыка Жунусова в стенах библиотеки прошло библиотечное мероприятие. «Қаламы ұшқыр журналист», так  называется  презентация библографического издания-памятки. На мероприятии присутствовали его соратники, земляки,  местные писатели и поэты: Б.Оңайқызы, Л.Ерғалиева , А. Нурманова, студенты коледжа и ВУЗа.
Цель мероприятия: познакомить читателей библиотеки  с творчеством местного писателя, внесший значимый вклад в культурную, духовную жизнь нашего города, расширение культурного кругозора, эстетического воспитания, развитие самостоятельного мышления. Привить у молодежи и жителей города гордость за своих талантливых земляков.
Составителем библиографического пособия-памятки является Ермағанбет Сәуле Ғалымжанқызы, библиотекарь методико-библиографического отдела, она и была ведущей мероприятия.
Жизнь Жаксылыка Жунусова тесно связана а с нашим регионом.
«Как дерево врастает корнями в землю, так и человек в свои родные места»- сказал на встрече со своими земляками Жаксылык агай.«Здесь на этой земле прошло мое детство, в этой школе я учился, был пионером. За все пятнадцать лет работы над книгами я незримо был с вами ...»
Все творчество Жаксылыка Жунусова, уроженца Тургая, неразрывно связано с мыслями о родной земле, об удивительных людях, живущих на этой священной земле. В этих книгах  и газетных публикациях отражены все грани творчества Жаксылыка Жунусова.
Жаксылык Жунисов родился в 1943 году в п.Торгай Жангельдинского района Костанайской области. В 1968 году закончил факультет журналистики Казахского Государственного  университета.
С 1963 года работал литературным сотрудником в областных газетах «Коммунизм таңы», «Торғай таңы» в должности зав. отделом, ответственным секретарем, заместителем редактора.
С 2008 года работает собственным корреспондентом областной газеты «Қостанай таңы».
 Из-под пера писателя вышли в разные годы следующие книги: «Сыр сандық» (2003), «Ақ бұлақ» (2003), , «Дала дарабоздары» (2007), «Жылдар жаңғырығы» (2012), «Қарымы бөлек қаламгер» (2014), «Табиғатпен егізбін» (2014), «Топжарғандар туралы толғау» (2016) .
Он является деятелем культуры Казахстана , членом Союза писателей Казахстана, Почетный гражданин  г. Аркалыка .
Презентация памятки «Қаламы ұшқыр журналист»  состоит из пяти разделов. Все пять разделов освящают жизнь и творчество нашего талантливого земляка. Встреча получилась по-домашнему добрыми и незабываемымо ярким ,  в то же время насыщенным и плодотворным.
Не каждый день увидишь живого писателя и услышишь рассказы и стихи в его исполнении. Ребята, которые пробуют себя на стихотворном поприще остались после мероприятия. Они показали писателю свои работы и задали интересующие их вопросы по созданию стихов. Музыкальный презент подарил всем присутствующим активный пользователь библиотеки.
Такие мероприятия важно и нужно проводить как можно чаще, чтобы местных поэтов, которые проживают среди нас, знали не только по книгам, периодическим изданиям, но и в лицо.




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска