Ана тілім- ғасырлардан аманат

Ана тілім- ғасырлардан аманат

            Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
  Қазақ тілі- қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.
  «Қазақ тілі рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған болар. Оған тек қазақ халқы ғана емес, Қазақстанды мекендеген барлық ұлт өкілдері үлес қосуға тиіс.
            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл- қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен.  Сол кісінің қолдауымен 1997 жылы 11 шілде
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» жаңа заңы дүниеге келді.
Міне, содан бері жылма- жыл осы мерекелі күнді атап өтудеміз.

         22- қырқүйек- Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі күніне
А.Боранбаев атындағы театрда  Арқалық қаласынлағы халыққа білім беру
орталығының ұйымдастыруымен мерекелік іс- шара өтті.
Іс- шарада біздің №2 ОӘҒК. абонемент бөлімі
«Ана тілім- ғасырлардан аманат» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
       Көрмеде : «Қазақ тілі қазыналы тіл» , «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы»,
«Туған тілің- сатылмайтын байлығың» атты тақырыптарда  әдебиеттерден құрастырылған көрме оқырман қауыммен, іс- шараға жиналған  Алқалық
қаласындағы Н.Құлжанова атындағы  колледж студенттеріне таныстырылып,   кітаптарға жеке- жеке түсінік берілді, және де «Арқа дидарына» сол көрме жайлы  ақпарат берілді.
      Қазақ тілі- ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра.Сондықтан да
өскелең ұрпақ өз тілін, дінін, салт- дәстірін біле жүруі керек екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс- шарадан жастар  үлкен әсер алды.     
      Батыр атамыз Б.Момышұлы айтқандай : «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту» дегендей   тіліміздің қадір- қасиетін  бағалай білейік.

                                                      Зайра Сығаева.
                                                     бөлім кітапханашысы.




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска