Ер мен елдің Жеңісі!

Ер мен елдің Жеңісі!
(библио-фейерверк)

Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді! Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы және оның зардаптары туралы мағұлмат беру. Отан үшін  қасық қандары қалғанша  күресіп, бізге  жеңіс сыйлаған  ата мен апаларымыздың қайтпас қайсар ерлігін, сын сағаттағы отаншылдық қасиетін үлгі етіу.  Ортақ жауға  қарсы күрестегі көп ұлтты  халықтардың ынтымағы мен достығын, Отанға деген сүйіспеншілігін дәріптеу. Соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлерімізді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Ер мен елдің Жеңісі" атты библио-фейерверк болып өтті.
 1-бөлім. Отты жылдар жаңғырығы. Ұлы Отан соғысының басталуы жайында жазылған әдебиеттер жинақтарды. Бұл әдебиеттерде  төрт жылға созылған қилы-қилы оқиғалар, бомбалар жарылсы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы  баяндалады. Сол кездегі Кеңес Одағының құрамындағы  халқытың жауды талқандап, Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барған отты жолдары, Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда суреттеледі.
2-бөлім. Желбіре, Жеңіс жалауы! Бұл бөлімде соғыстың от-майданында жүріп «алты малтаны ас етіп», «толарсақтан қан кешекен» батыр ағаларымыз бен апаларымыздың жанкешті ерлігінен сыр шертетін кітаптарға кезек берілді.
3-бөлім. “Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”
Майдан жырлары ...  Алайда, көздің жасымен, жүректің қанымен жазылған тарих беттері көңілден көшпейді, кеудеден өшпейді. «Өрнегі жетсе жыр болар, жыр болмаса сыр болар» деп майдангерлер толғаған өлең сөз де сал ауқымды тарихтың асыл бөлігіндей қастерлі мұра. Қаһарман халықтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы, Жұмағали Саин, Қасым Аманжолов, Қалижан Бекхожин, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Әбу Сәрсенбаев, Дихан Әбілов, Жұбан Молдағалиевтың   Отан үшін  от кешкен жауынгерліердің бүгінгі және келешек ұрпаққа жазып  қалдырған жыр – аманат кітаптарына шолулар жасалды.
Сонымен қатар "Жалын" клубының мүшелері Әбдібекова Әсем,  Ғабдолла Назгүл, Тұяқ Інкәр соғыс жайында ақын -жазушылардың шығармашылығынан үзінділер оқыды. Файзуллин Жандос Сырбай Мәуленовтың сөзіне жазылған "Соғыстан қайтқан солдаттар", Әбдіхамит Тоқтар әні Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімиденовтің  «Бейбіт күн тілегі»    әндері шырқалды.
Әр бөлімге сәйкес бейне фильмдер, слайдтар,от шашулар, кітап көрмелелері көрсетілді. Жалпы іс-шараға 31 оқырман қатысты.

24.04.2015 ж.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска