Кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды

 

Кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды

           Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумдарға қол қойды.

        Меморандум мақсаты - азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау .

        Осыған орай, жуырда Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды.     

        Іс-шараға оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Абылайхан атындағы Алтын медальдің және «Қазына» сыйлығының иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин, «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабыржан  Тасмағанбетов, Арқалық қаласы әкімдігінің Заң бөлімінің басшысы Жасұлан Хусаинов, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Олжас Өтегенов қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шараны кітапхана басшысы Қазына Борибаева жүргізіп отырды.

       «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.


В библиотеке открылся центр  «Парасат жолы»

 

            Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции и Министерство культуры и спорта Республики Казахстан подписали меморандум в рамках проекта «Адалдық алаңы» о совместной работе центров «Парасат жолы» при областных, районных и сельских библиотеках.

            Цель меморандума - противодействие коррупции в гражданском обществе, продвижение идеологии добропорядочности, формирование антикоррупционной культуры в обществе и широкая пропаганда ценностей добропорядочности .

           В связи с этим на базе областной универсальной научной библиотеке №2 г. Аркалыка недавно открылся центр «Парасат жолы».

           На мероприятии приняли участие мастер по казахскому орнаменту, краевед, обладатель Золотой медали имени Абылайхана и премии «Қазына», Почетный гражданин города Аркалыка Шоптибай Байдильдин, первый заместитель председателя Аркалыкского городского филиала партии «Нұр Отан» Сабыржан Тасмаганбетов, руководитель юридического отдела акимата города Аркалыка Жасулан Хусаинов, специалист отдела внутренней политики акимата города Аркалыка Олжас Утегенов. Они поделились своими мнениями по вопросам противодействия коррупции. Модератором  мероприятия выступила руководитель библиотеки Казына Борибаева.

          «Парасат жолы» -еще один проект, посвященный формированию принципов честности, добропорядочности, справедливости, а также продвижению ценностей национальной культуры и духовности в обществе.




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска