Абай әлемі - даналық мұхиты.

Биыл қазақтын ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, кемел ақын, компазитор, Абай Құнанбаевтың туғанына 10 тамызда 170 жыл толды.
      Осы мақсатпен  облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінде  «Өлең сөздің сарқылмас дариясы»
атты тақырыпта  поэзия кеші ұйымдастырылды.
      Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің  ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деп баға берген.
    Біздің де осы шараны ұйымдастырудағы негізгі міндетіміз: Абай -  халқымыздың ұлттық мақтанышы, рухани қазынасы, сөнбес жарық жұлдызы екенін  оқырман қауымына, әсіресе жас өспірім оқырмандарға насихаттау.
Бүгінгі ұрпақтардың Абай Құнанбаев мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып білуге, тани түсулеріне ынталандыру.
      Кешті Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері
Айдана Дәурен мен Ғафиз Хайролла өздерінің «Абай атаға» арнау өлеңімен
ашты. Арқалық қаласындағы Торғай Аграрлық Техникалық Колледжі Э-11
тобы студенттері қатынасып отырды. (кураторы Жарасқанқызы Айым).
Жастар ерекше ықыласпен тыңдап, белесене араласып өз ойларын ортаға салды.
     Абайдың өмірі, шығармашылығы жайлы ақын өмірінің соңғы сәтінен бейнебаян көрсетіліп, кітаптарынан слайд жасалынды. Сонымен қатар «Ақыл - ой ақындықтың киесі- Абай» атты бөліммен ақынның поэзиясынан  бірнеше өлеңдері оқылды. Абай поэзиясы ақын өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп береді.
Ақын өзі айтқандай «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» дегендей, өлеңдеріне анықтама беріліп отырылды. Яғни, өлең - барлық өлеңнің патшасы, сондықтан кез келген өлең болмайды. Сараланған, таңдамалы сөздер ғана өлең болатынын әрі бейнелі, әрі шешендікпен жеткізген ақын
өлеңдерін  Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың жанынан құрылған М. Дулатов атындағы мәдени - әдеби бірлестіктің мүшелері нақышына келтіріп жатқа оқып берді.
      Абай атамыздың  өнер мен ән - күйге эстетикалық талғамы да өте жоғары.
Осы саладағы еңбектеріне тоқтала келе «Өлеңмен жер қойнына кірер денең...» деген бөлімде әндері айтылды. Әндерді орындағандар Ы.Алтынсарин атындағы педагогика институтының музыкалық білім бөлімінің ІІІ - курс студенттерінен құралған  «Әсем-ай» қыздар тобының орындауындағы «Өзгеге көңілім тоярсың», осы курс студенті Қасымхан Ажардың орындауындағы «Көзімнің қарасы», кітапхана қызметкері
Н. Мырзағалиеваның орындауындағы  әндер ерекше талантпен айтылды.
 Сонымен қатар  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты бөлімде  қара сөздерін де ерекше мәнермен оқыған бірлестік мүшелері: оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
   Міне қадірменді оқырман қауым, біздер Абай  әлеміне бойлап, атамыздың сырлы да нұрлы жырының әуенін бірге сезіндік.
        Көп адам дүниеге бой алдырған,
        Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
        Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
        Өлмейтұғын артына сөз қалдырған - деп өз төрелігін өзі шешкен ақын
бүгінде жарқын бейнесімен бізбен бірге жасасып келе жатқан, қазақ халқының тарихи көшін бастауда, ұлттық болмысымызға дара біткен жарық
жұлдыз Абай Құнанбаевқа арналған кешімізден өскелең ұрпақ ерекше әсер алды деп ойлаймыз.
      
                                                                                           Зайра Сығаева
                                                                                      бөлім кітапханашысы.
                               
                                 Өлең сөздің сарқылмас дариясы.
                                      / к 170-летию Абая Кунанбаева/
В 2015 году исполнилось 170 лет со дня рождения великого Абая.В рамках этой знаменательной даты нашим отделом был проведен ряд мероприятий. В начале года была оформлена книжная выставка на тему «Абай тұтас бір әлем». Выставка состоит из 3-х разделов: Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары, Абай дана, Абай дара қааақта, Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Цель данной выставки- познакомить читателей с книгами Абая Кунанбаева, которые имеются в фондах нашей библиотеки, а также с литературой о нем. Эта выставка пользуется большим спросом у читателей. За время работы выставки с ней поработали более 60 человек, было выдано с выставки 125 книг.Большим спросом пользовались сборники стихов поэта, его поэмы, а также его « Слова назидания».
5 ноября 2015 года абонементом при участии членов литературного клуба  « Руханият» к 170-летию великого поэта, просветителя, демократа, философа АбаяКунанбаева состоялся литературный вечер на тему «Өлең сөздің сарқылмас дариясы». Цель- пропаганда жизненного и творческого пути великого Абая.
Ведущая вечера библиотекарь абонемента Зайра Сыгаева при использовании слайдов и видеороликов познакомила аудиторию с биографией и творчеством поэта, подробно остановилась на его стихах, поэмах, остановилась на  «Словах назидания»,которые написал поэт уже в зрелом возрасте. Этот фундаментвальный труд состоит из 45 кратких притчей и философских трактатов. В них поднимаются проблемы национального воспитания и мировоззрения, морали и права, историии казахов. Многое из написанного в «Словах назидания» актуально и по сегодняшний день.
Члены литературного объединения «Руханият» Арк.ГПИ читали стихи Абая, его «Слова назидания», отрывки из его поэм.Студент 2 курса Арк.ГПИ Хайролла Хафиз исполнил  песню-арнау, посвященную Абаю, студентка Арк.ГПИ Даурен Айдана, уроженка Восточно-Казахстанской области, родины великого Абая, прочитала свое стихотворение-арнау, посвященное поэту.
 На вечере звучала только лирическая музыка.Мероприятие было построено таким образом, чтобы окунуть слушателя в пленительный мир музыки Абая. Песни, созданные им у очага в юрте любимой жены Айгерим, с быстротой степного ветра разносились во все уголки Казахстана, завораживающим были песни в исполнении  трио «Әсем-ай» на стихи Абая.Завершился вечер следующими словами ведущей Зайры Сыгаевой: «Кто, как не Абай, великий казахский просветитель, призывал свой народ тянуться к светлому лучу знаний. Сегодня его заветами живут миллионы. Благодарные потомки с гордостью говорят о достижениях Абая в литературе, музыке, науке, о его роли в просвещении казахского народа. Имя Абая будет жить в веках».








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска