Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен

Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен
Кеңестік дәуірінде есімі аталмай келген ел ардақтыларының бірі- Кейкі мерген.
Коммунистік идиология Кейкі туралы ауыз- екі, болмаса баспасөз, әдебиет беттерінде жазуға тиым салды. Олар әрине сол кездегі билік қаһарынан қорықты. Жазушы Ақан Нұрмановтың атақты «Құланның ажалы» романының бас кейіпкері - Кейкінің прототипі болып танылады. Құлан Кейкі руы Қыпшақ, құлан секілді құба түзде жалғыз жортып, жапа шеккен мергеннің таза адами тұлғасына оның ішкі психологиясы үйлесіп, дәуір ағымымен астасып жатады.
Еліміз Тәуелсіздік алып, азаттықтың нұрлы таңына сүйсіне отырып, осынау ғажап заманды аңсаған, сол жолда қан төгіп, жанын қиған асыл текті бабаларымызды, батыр- мерген, қолбасшы, ақындарымызды да ардақтап кейінгі ұрпақ есінде мәңгі сақтау мақсаты біздің Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ерекше жолға қойылған мәселе.
Осы орайда Кейкі Көкембайұлының 145 жылдығына орай «Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Кешке арнайы шақырумен келген батырды зерттеп- зерделеп, бірнеше мақалалар, кітаптар жазған оюшы, қолөнер шебері, Шөптібай Бәйділдәұлы, Арқалық қаласындағы тарихи дала өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Кейкі жайлы ақпарат жинап жүрген Батырлан Сағынтай, және де атақты роман авторы Ақан Нұрмановтың келіні Алма Жақсылыққызы, «Қостанай таңы» газеттің меншікті тілшісі Мұрат Жүнісұы батыр жайлы естеліктер, құнды жаңа деректер , мәліметтер жайлы әңгімелеп берді. Кешті жүргізіген кітапханашы Сымбат Көшкінбай Кейкі батырдың өмірі мен батырлық, әсіресе мергендік қасиеттері жайлы , қоғам қайраткерлерінің, батырдың жақындарының естеліктерімен қоса нақты деректер жайлы әңгімелеп берді. Батыр бейнесін полетехникалық колледж студенті Сарбаев Әділет орындап, бейнероликтер көрсетілді.
Бір кереметі дәл сол іс- шара уақытында Ш.Байділдинге Арқалық қаласындағы № 4 мектепке Кейкі батырдың есімін бергені жөнінде керемет жаңалық келіп түсті. Бұл да бір киелі шаңырақтың киесінің бар екендігін білдірмей ме?, және Кекі батырдың өзін еске алу кешіндегі батырға деген жаратушының кереметі екенін көрсетіп, қатынасып отырған Н.Құлжанова атындағы колледж студентттері де, біздер де ерекше бір әсерге бөлендік. Ғажап әрине! Міне еліміз осындай батырларымызды, елі үшін құрбан болған азаматтарымызды құрметтеп, бағаласа ғана Қазақстан Тәуелсіздігіның тұғыры нығайып, ел мәртебесі асқақтай түседі деп ерекше көңіл күймен тарастық.

Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен
К 145-летию со дня рождения Кейкі батыра
К 145-летию со дня рождения легендарного батыра Кейки Кокембайулы в областной универсальной научной библиотеке №2 г. Аркалыка состоялся исторический вечер на тему «Ұлы дала тұлғасы: Кейкі батыр ізімен».
Цель данного мероприятия – патриотическое воспитание подрастающего поколения. Молодое поколение должно знать своих героев в лицо. Почетными гостями мероприятия стали историк-этнограф, писатель, автор книги «Кейкі батыр» Шотибай Байдилдин, научный сотрудник музея истории Степного края Батырлан Сагинтаев, родсттвенница писателя Акана Нурманова, автора книги «Гибель Кулана», бывший директор ОУНБ №2 в г. Аркалыке, ветеран библиотечного дела Алма Нурманова, собственный корреспондент газеты «Қостанай таңы» Мурат Жунисов.
Присутствующие гости рассказывали о легендарной личности Кейки батыра. Ш. Байдилдин рассказал об истории написания своего романа «Кейки батыр».
Имя Кейки батыра произносить вслух стали лишь с приходом независимости и гласности, когда были названы новые имена героев, отдавших свою жизнь за освобождение казахского народа
Кейки батыр – один из самых активных и легендарных личностей в истории национально-освободительного движения страны 1916 года. Он боролся за свободу и независимость своей страны. Как свидетельствует история, Кейки батыр был сподвижником хана Абдигапара и всей душой поддерживал его идеи о единстве и независимости казахского народа. Это был умный, проницательный и авторитетный человек. Кейки батыр был лучшим другом Амангельды Иманова. Он был участником Торгайского восстания 1916 года.
О подвигах Кейки батыра, храбрости и стремлении сделать свой народ счастливым и независимым написано немало книг, повестей, поэм и романов. Все эти книги о Кейки батыре и весь материал о нем, напечатанный на страницах периодической печати был представлен на одноименной выставке. Обзор по выставке сделала ведущая вечера, библиотекарь абонемента С. Көшкінбай
Бесценными материалами из фонда музея истории Степного края поделился научный сотрудник музея Батырлан Сагинтаев.
Приятным и глубоко символичным моментом вечера стал тот факт, что во время мероприятия пришло сообщение о том, что средней школе № 4 г. Аркалыка было присвоено имя легендарного батыра.
Мы должны чтить память о своих героях, знать их в лицо. Настоящий батыр, сын степей, защитник Родины. Тот, кто готов отдать жизнь за свой народ. Таким был Кейки батыр. Его имя навечно останется в памяти благодарных потомков.






Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска