«Жалын» клуб

«Жалын» клубының   жұмыстары  
Оқу залындағы «Жалын» клубы  Отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбие беру,
 ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында кітапхана оқырмандарымен 2006 жылдан бері  жұмыс жүргізіп келеді.  Сондықтан да тұтас ғұмыры мен еңбегі жас ұрпаққа үлгі өнеге болатын, саналы ғұмырында өз Отаны үшін от кешіп, ұлты үшін ұлағатты істер тындырған ұлтымыздың абзал азаматтарының соңына қалдырған мәдени әдеби, тарихи мұралары қазақстандық қоғам арасында, әсіресе, жастар арасында нақты іс – шаралар арқылы кең насихаттаудамыз.   Мысалы: «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тарихи кеші,  «Алапат ашаршылық, тарих тағылымы»  атты элегия сағаты, Аманкелді Имановтың туғанына 140 жыл толуына арналған  «Ел бастап, тұлпар мініп, ту көтерген» өлкетану кеші, Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына арналған "Ұлттың рухани көсемі"  әдеби мұражай, «Ерлік ешқашан естен кетпейді» « Ұрпаққа мирас болар ерлік»


 ардагерлермен кездесу,  «Асқақ рух, жасын жігер, өр намыс»  әскери қызметкерлермен және ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кешітері, М.О.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына байланысты "Азаттық рухының алтын адамы" атты әдеби подиум, Академик Кенжеғали Сағадиевтың 75 жасқа толуына орайластыра «Қазақтың асыл перзенті» деген тақырыпта кітап көрмесі, «Тың эпопеясы»Тың игеруге 60 жыл, О. Қозыбаевтың 80 жылдығы
 арнау кештері т.б.өткізілген  көпшілік шаралар қазақстандық әрбір азаматтың отансүйгіш сана – сезімінің жетілуіне ықпалы зор.             Өз Отанын сүю, Конституциялық құқықтарды білу, азаматтардың еркін өмір сүруін қамтамасыз ету қай елдің болсын мақсаты. Бұл қасиетті міндеттерді орындау үшін әр саналы азамат бойында оны қалыптастыру әрі дамыту қажет. Бұл тек азаматтық, патриоттық тәрбие арқылы қалыптасады. Оған қол жеткізу үшін келесі мақсат - міндеттерді жүзеге асыру керек:        
     «Отан», «Туған ел», «Елтаңба», «Ту», «Әнұран», «парыз» туралы түсініктерге деген құндылық қатынасты қалыптастыру.
     Конституция мен ел заңдарын көздің қарашығындай сақтау, құқықтық жауапкершілікті дамыту, Отанына адал болу рухында тәрбиелеу.
    Әділдік пен қайсарлық, тәртіптілік пен игі бастамашылдық, ұлтаралық достық пен татулықты құрметтей білуге баулу.
 Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен   Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел мен Елбасы» деген тақырыпта дөңгелек үстел, «Егемен елдің Елбасы» электрондық  кітап көрмелерінің тұсаукесері, "Тәуелсіздік - қазағымның сан ғасырлық арманы" атты тақырыпта слайд – бағдарламалары, "Тәуелсіздік - бел-белестері"  кітап көрмелері, «Татулық тұтқасы, бірліктің бесігі», «Отанымыз – достықтың берік ошағы» кездесу кеші, «Ту, Елтаңба және әнұран – қасиетті құндылықтар» зияткерлік сайысы,«Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" кітап көрмесі, «Айшықты Ата Заң – азаттық айғағы» танымдық сағаты, т.б.кітапханада өткізілген шаралар еліміздің жастарына заманауи сапалы білім бере отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеп бағалауға үйретуде, патриотизмге баулуда ерекше рөлі атқаратыны даусыз. Біз сонымен қатар егемен еліміздің қазіргі әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық –саяси жағдайымыздың қызығы мен қиындығын бізбен қатар көріп, өлкемізде өмір сүріп жатқан басқа да көрнекті тұлғалардың, яғни халық қаһармандарының, еңбек ерлерінің, білім, ғылым, мәдениет, өнер спорт қайраткерлерінің өнегелі өмірлерін жайында «Жалын» клубы бас қосуларында  кездесулер өткізудеміз. Әрбір азаматтың отансүйгіштік сана – сезімінің жетілуі егемен еліміздің әлеуметтік – экономикалық жақтан  қарыштап дамуына тікелей байланысты екені рас. Дегемен осы бағыттағы өркендеп дамумыз да  ел – жұртымыздың ұлттық ой – санасы , ұлттық таным – түсінігі, ұлттық мақсат – мүдесі, ұлттық намыс – жігері сияқты құндылықтарын бағалап қастерлеу арқылы берік орнығады.
 Осы өткізіліп жатқан көпшілік жұмыстары қалалық телеведение, жергілікті «Арқалық хабары», «Торғай» газеттері мен обылыстық «Қостанай таңы»газеттері арқылы мақалалар жазып оқырмандарға насихаттаудамыз. Сонымен қатар жылма –жыл белсенді клуб мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттап  отырамыз.















Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска