Ислам- «террористік дін» емес

Ислам- «террористік дін» емес   

      Осы тақырыпта № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласындағы Әлмұхаммед мешітінің бас имамы Бектұрсын қажымен Арқалық  медицина колледжінің 1- курс студенттерімен және қаладағы қайрымдылық мекемесінің шәкірттерімен  кездесу кеші  ұйымдастырылды.
           Ата-бабаларымыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Міне, осыған орай осы діни саласындағы өзекті мәселелер аталып өтіле отырып, оның маңызы, заңдылықтары мен қағидаларын бас имам өте жоғары деңгейде,сауатты түрде әңгімелеп берді. Осы тақырыптарда арнайы ведиороликтер көрсетіліп, әндер айтылды.
        Ислам діні - соңғы дін, Мұхаммед пайғамдар (с.а.у) – ақырғы елші. Алла Тағала Құранда өзінің нұрын тәмәмдайтындығын уәде еткен. Міне сондықтан ғасырлар қойнауында Ислам дінінің басынан қаншама нәубет, небір сұрапыл замандар өтсе де, әлі күнге дейін ол өзінің пәктігі мен өзіне тән ерекшелігін жоғалтқан емес. Қайта уақыт өткен сайын бір түлеп жаңарғандай адамзаттың көңіліне көктем сыйлауда. Сезінген сайын бұл иләһи нұрға құштар ұлты мен нәсілі бөтен, тілі мен ділі өзге, тіпті діні бөлек жандардың қатары күннен күнге көбейе түсуде.
       Кеште де осы мәселелер төңірегінде оқырмандар сұрақтары қойылып,   бас имам  мысалдар келтіре отырып нақтылы жауап берді.
       Терроризм тақырыбы бойынша да  қазіргі  әлемде «терроризм» идеясының пайда болуы және оның таралуы -  бірден-бір қатер  екендігі айтылды. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әртүрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күшейту әдістерімен өзгертуге бағытталған. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм, саяси- құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналғаны туралы  айтылған имамның әңгімесін жастар ерекше зейін қойып тыңдап отырды.
      
       Қорыта келгенде, терроризм түп- тұқиянымен мәңгілік құртылуы тиіс. Алайда терроризммен күресте оның нышандарын ғана емес, түп тамырын құртқанда ғана табысқа жетуге болады.
      Сондықтан да, ылайым, дінімізге тыныштық, халқымызға амандық тілейік! Ел іргесі бүтін, ауызбіршілігіміз мықты болсын!

                                                               Зайра Сығаева           


                                                 №2  ОӘҒК кітапханашысы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска