«Ұлттың саяси да, рухани көсемі»

«Ұлттың саяси да, рухани көсемі»
Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жыл
реквием кеші
    Асыл жүрегі елім – жерім, халқым деп соққан, барша саналы ғұмырын халқының азаттығы мен дербестігіне арнаған  ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қазақ еліне сіңірген еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында «Ұлттық саяси да, рухани көсемі» деген тақырыпта реквием кеші өтті. «Теңдік туын көтерген алаш көсемі» бөлімінде адамзат баласының тарихында сирек  кездесетін дара тұлға Әлихан Бөкейхановтың  өмір жолына тоқталдық.
 «Әйгілі энциклопедист ғалым, қазақ елінің теңдессіз білгірі, журналист, көсемсөзші»  бөлімінде Ә. Бөкейхановтың еңбектері мен ерліктері туралы кеңінен айтылды. Анар Ерланқызы жерлес ақынымыз Хамитбек Мұсабаевтың « Алаш – Орда арманы», Есбол Нұртай С.Торайғыровтың «Алаш ұраны», Берік Қайсар А. Байтұрсыновтың «Досыма хат» өлеңдерін нақышына келтіріп  оқыды.   Экран арқылы фотосуреттер, «Алаштың Әлиханы» атты фильмнен үзінді көрсетілді. Кешке Арқалық қаласының Агро. Техникалық  колледжінің  студенттері қатысты. Іс – шара кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
                                                       

10.03.2016 ж.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска