«Төр сіздікі, еңбек адамы!»

«Төр сіздікі, еңбек адамы!»
Еңбек адамының бенефисі

  Еңбек күніне орай ұлағатты өмір иесі, өнерлі азамат,  еңбек ері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Шәріпұлына арналған «Төр сіздікі, еңбек адамы!» бенефисі өтілді.  Кәки аға 1953 жылы мектепті бітірісімен еңбекке араласты. Алдымен мектепте аға пионер вожатый, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып, еңбек жолында сатылап өрлей береді. 1962 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, сектор , бөлім меңгерушісі, партия комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарады. Аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы лауазымын да атқарады. 2000 жылдан бері Арқалық қалалық ардагерлер ұйымын басқарып келеді. СОКП орталық комитетінің жанындағы Жоғарғы партия  мектебін бітірген . Жоғары зоотехниктік мамандығы тағы бар.  Еңбегі де еленбей қалмады. «Еңбек Қызыл Ту ордені», ҚР  Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің  - 20 жылдығы», «Тың игерудің – 50жылдығы»медалдарымен награтталды. Мұның сыртында «Еңбек ардагері», «Ұлы Жеңістің – 60, 65, 70 жылдығы» медалдарының иегері.  Ардагерлер ұйымының «Құрмет» грамоталарымен, облыс, қала әкімдерінің  Алғыс хаттарымен марапатталған. 2006 жылы Республикалық Ардагерлер ұйымының сьезіне делегат болды. «Арқалық қаласының құрметті азаматы».  Адал еңбек пен биік жауапкершілікті қатар ұстаған ағамыздың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай екенің кешіміздің қонақтары  еңбек ардагері Досжанов Хамит, Алмат Өрекен, Жиенбаев Қайырбек, Еңсебаев Базарбай әкелеріміздің тәлімдік сөздерінен көруге болады.Сонымен қатар К. Ақаның « Анама» , «Қаһарманым, ерлерім!».өлеңдері оқылып, әнмен шашу –шашылды.К. Шәріпұлына арналған слайдтар, тақырыптық сөре дайындалды.
 Дайындап  өткізген Құсайын Дамет Есенжолқызы                                           

                                

                                                                                         23.09.2015

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска