Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры!


05.12.19  ж.   

Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры!
         5 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Арқалық қаласындағы Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен азаттық таңының атқанына 28 жыл толуына орай «Тәуелсіздік -  елімнің алтын тұғыры» атты кеш-шежіре өткізілді.
          Кеш барысында тарих шежіресіне көз жүгіртіп, желтоқсан оқиғасындағы шеккен азап, тартқан бейнет арқылы, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген тәуелсіздігімізді тілге тиек еттік.
          Мақсаты: Халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтардың  жадымызда жаңғырып, желтоқсан құрбандарының ерен ерліктерін естен шығармай келешек ұрпаққа дәріптеу. Санамыздағы патриоттық тәрбиені жаңғырту.
          Тәуелсіздік мерекесі- бүкіл Алаш баласының рухын көтеріп, әр қазақты мақтаныш пен шаттыққа бөлейтін мереке. 1991 жылдың 16- желтоқсаны күні дүниеге жаңа мемлекет- Тәуәлсіз Қазақстан келді.  Тәуелсіздік-  елдіктің киелі кепілі, кемел келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны. Тәуелсіздігімізге - 28жыл өте шығыпты. Бірақ, бұл жылдар қазақ халқының жүздеген жылдар бойы аңсаған арманын алып берген «алтын кезең», ғасырға татитын жылдар.
         Кешімізде қаламыздың медициналық колледжінің бірінші курс студенттері көрермен ретінде келіп тарихтың тереңіне үңіліп рухани мол дүние алды. Әнұранымызбен бастау алған кешімізге қаламыздағы Торғай гумманитарлық колледжінің  студенттері қатысып, 1  курс студенті Қабен Диана  өз шығармашылығынан «Желтоқсан», «Тәуелсіздік» сынды жүрек жарды өлең жолдарын оқыды, әрі қарай бейнебаянмен жалғасын тапқан кешіміз әсем әнмен өрнектеліп, тарихтан тағылымды сыр шертілді. Сонымен қатар «Тәуелсіздік елімнің алтын тұғыры» тақырыбында кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.
           Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз. Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші- ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгінде Қазақстан әлем назарында. өзінің болашағынан үлкен  үміт күттіретін, жері, халқы, бай ел.
            «Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
              Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
             Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
             Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы !
Туымыз әрқашан да биік, еліміздің еңсесі жоғары, Елбасымыз бен ел басқарған азаматтарымыз аман болып, халқы саналы, істері сапалы болсын.
          Іс – шара соңында әсем ән шырқалып, кешіміз өлең жолдарымен қорытындыланды. Әдеби кешке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бойларына сіңірді. Тәуелсіздік ата- бабамыз елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап күресуінің арқасында келді. Қазақтың дәстүрі мықты. Халқымыз сонымен өсті.Күшті рухы қалыптасты. Сөйтіп, үш ғасыр азаттық үшін күресті. Кең байтақ жерін сақтап қалды. Айбарымен әлемді тітіркендірген империяға шықты.
Нәтижесінде- Тәуелсіздікке жетті ! Бұл ұмытылмас ерлік  жадымызда мәңгілік жаңғыруға тиіс.



Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры!

Приближается 28-я годовщина  со дня обретения Казахстаном  Независимости. К этой знаменательной дате в нашей библиотеке прошел вечер-хроника на тему «Тәуелсіздік - елімнің алтын тұғыры!». На вечере присутствовали студенты Аркалыкского педагогического института и студенты медицинского колледжа,.

Целью данного мероприятия является   привить чувство гордости к своей стране, воспитывать патриотизм и гражданственность воспитать  чувство любви и гордости за свою страну, её богатую историю и нелёгкую судьбу.
Ведущие   рассказали  о  декабрьских событиях 1986 года, об участниках этих событий — Кайрате Рыскулбекове, Ерболе Сыпатаеве, Ляззат Асановой. Было рассказано об основных событиях в жизни Независимого Казахстана,   
Мероприятие сопровождалось электронной презентацией, в которой были использованы видеоматериалы  «Исторический путь Независимости», «16 желтоқсан – Қазақстанның  Тәуелсіздік алған күні», «Желтоқсан ызғары».
 Активное участие в вечере принимали стуленты 1 курса института и гуманитарного колледжа  Кабен Диана и Аыйм Балгабай, которые прочитали свои стихи-посвящения декабрьским событиям. Независимости. На протяжении мероприятия звучали патриотические песни.
  В завершении состоялся обзор одноименной книжной выставки, которая  раскрыла основные исторические вехи в становлении государственности Казахстана.
«Будущее Казахстана в наших руках.  И если каждый из нас отдаст частичку своего труда и своей души родной стране, наша Республика станет одной из богатых мировых держав! Получение Независимости – это только начальный этап развития страны. Нам нужно жить и творить для будущего» - такими словами Елбасы завершилось наше мероприятие.














Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска