Тәуелсіздік -Қазақстанның сан ғасырлық арманы

Тәуелсіздік -Қазақстанның сан ғасырлық арманы
Арқалық қаласының облыстық №2 ғылыми әмбебап кітапханасында  2016 жылдың 21 қараша айында  Арқалық қаласының мұрағат ұжымымен және Арқалық қаласының көпсалалы  коледж студентерімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған  «Тәуелсіздік -Қазақстанның сан ғасырлық арманы» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараны кітапхана басшысы Нұрманова Алма Жақсылыққызы  қонақтарды, студенттерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, «Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек» -деді.
Кешті көпсалалы  колледж студенттері Оспанғали Әсел мен Жұмабек Айзат баяндамаларымен толықтырды. Кеш барысында бейнежазбалар тамашалап, әндер тыңдалды.
      Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Одан кейін сөз алған мұрағат  басшысы  Бопина М.Н. кешке  қатысушыларға жүрек жарды  лебіздерін білдірді.   
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар бірінен соң бірі жалғасын тапты.
  Боранбаев атындағы  мәдениет үйінің фоесінде  кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бағы асқан, дәулеті тасқан  Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, әлі талай игі істер жүзеге асады. Елімізде бірлігіміздің іргесін бекітіп, ырыс-берекемізді арттыра берейік. Жаңа мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін жұмыла еңбек етіп, еңбек үлесімізді қосуымыз қажет. Тәуелсіздік күні құтты болсын!





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска