Шылым шегу жайлы біз не білмейміз?

Шылым шегу жайлы біз не білмейміз?



 Жаңа өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына темекі мен алкогольге әуес болуының алдын алу. Дәрігер кеңесі арқылы темекі тартудың организмге қалай әсер ететінін анықтау, салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында Әубәкірова Кенжегүл "Шылым шегу жайлы біз не білмейміз?" атты арнайы дәрігермен кеңес сағат өткізді.
1988 жыл 31 мамырдан бастап Халықаралық темекі тартудан бас тарту  күні болып белгіленген болатын. Бұл күні темекіні өндеу, тарату және пайдалану көрсеткіштері сараланып, оның зиянына талдау жасалады.Осыған орай "Темекі шегудің адам ағызасына зияны" туралы  өзінің ой-пікірімен бөлісу үшін қалалық нарколог дәрігер Молдашева Жанна Мұқанқызы келді.
Кеңес сағатына Арқалық қаласының Медицина колледжінің 2 курс студенттері  қатысып, нарколог дәрігерге көкейтесті сұрақтар қойды. Сонымен қоса "Шылымқорлық - қасірет көзі" темекінің адам ағызасына зияны туралы кітаптар, газет-журналдар жинақталып, тақырыптық сөре ұйымдастырылды.Оқу залының меңгерушісі Дәмет Есенжолқызы көрмедегі кітаптармен таңыстырды. Арқ МПИ студенті Кенжалиев Шыңғыс өзінің "Темекі мен анаша" атты сықақ өлеңін оқыды. Шылым шегудің адам ағызасына тигізетің кеселі мен кесапаты зор екеніне көзін жеткізу үшін темекінің зияны жайлы экран арқылы бейне фильмдер көрсетілді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска