Тіл – халықтың күретамыры


05.09.2019. ж.
Тіл – халықтың күретамыры
        2017 жылдан бастап елімізде 5 қыркүйек қазақ халқының ақыны, публицист, этнограф, ғалым, қазақ философиясының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов атамыздың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Тілдер күні болып бекітілді.Осы мерекеге орай №2 ОҒӘК-ның оқу залы бөлімінде  «Тіл – халықтың күретамыры» атты сайысымыз өтті. Бұл іс-шарамыздың мақсат-  бабаларымыздан мирас болып қалған қасиетті тілімізді дәріптеу арқылы өз халқына , ұлтына сүйіспеншілігін арттыру, ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығын нығайту: ел болашағы қазіргі ұрпақ жастар өздері екендігін түсіне білуге, ана тілін құдіретін басқаларға жеткізе білуге үйрету.          Логикалық ой - өрісін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын молайту, ойлау дағдыларын жетілдіру. Қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. Сайысымызға Н.Құлжанова атындағы педогогикалық колледждінің 1 курс студенттері қатысты. Сайысымыз 5 кезеңең тұрды. «Кім жылдам?», «Салт дәстүр», «Сұрақ- жауап», «Кім тапқыр», «Тіл өнері». Оқырмандарымыз белсене ат салысып, өз білімдерін көрсете білді. Сондай ақ «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» атты кітап көрмесі қойылды. «Ахмет Байтұрсынұлының тіл танымдық мұрасы», «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Тіл тағылымы» М. Серғалиев «Тілім менің – тінім менің» Әбдуали Қайдар «Тіл – ғұмыр» т.б кітаптар мен туған тілін сүюін, басқа ұлттардың тіліне құрметпен қарауға баулайтын журналдар қойылды.
         Сонымен қатар, жерлес журналист-жазушы Жұмат Әнесұлының «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты кітабына  шолу өткізілді. Бұл кітапта ұлт көсемі, ұстазы, теңдесі жоқ ғалым, ақын, журналист, Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың балалық шағынан бастап, қаралы 37-шы жылға дейінгі ғұмыры, шығармашылығы, ғылыми еңбектері, ел үшін сіңірген қайраткерлік қызметтері атап көрсетілген.
            Қатысқан оқырмандар – 21 адам.


Тіл – халықтың күретамыры

5 сентября в читальном зале прошел конкурс со студентами 1 курса гуманитарного колледжа «Тіл – халықтың күретамыры», посвященной  Дню  языков  народа Казахстана. Целью этого мероприятия было привитие интереса к знанию государственного языка, воспитание патриотизма через изучение культурного наследия народа, расширение лингвистического кругозора.
         Конкурс состолял из 5 х туров. «Кім жылдам?», «Салт дәстүр», «Сұрақ- жауап», «Кім тапқыр», «Тіл өнері». Студенты принимали активное участие в данной игре. Победителям были вручены призы.

          Также к этой дате оформлена книжная выставка «Тіл тәуелсіздігі–ел болашағы». На книжной выставке были представлены материалы, раскрывающие историю и современную жизнь, культуру и искусство, традиции и обычаи. С книжной выставкой ознакомила библиотекарь читального зала Шагирова А. Она рассказала, что Постановлением  Правительства РК было принято решение установить 5 сентября Днем языков народа Казахастана. Именно в этот день родился Ахмет Байтурсынов. Праздник ежегодно отмечается в день рождения основоположника казахской филологии, ученого-лингвиста Ахмета Байтурсынова. Один из разделов данной выставки посвящен журналисту, писателю Жұмат Әнесұлы, нашему земляку. Жумат Әнесұлы в своей книге «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға», провел исследовательскую работу и полностью посвятил Ахмету Байтурсынову. Присутствовало 21 человек.







Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска