Бабалар мұрасы – ұлт құндылығы


Бабалар мұрасы – ұлт құндылығы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Елбасының Ұлттық домбыра күнін атап өтіп, халқымыздың дәстүрлі өнеріне деген құрмет жасауға деген зор ілтипаты қоғамда бірден үлкен қолдауға ие болды.

Осы ұлттық өнер мерекесіне орай облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапхананың өнер бөлімінде «Бабалар мұрасы – ұлт құндылығы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге домбыраға арналған әдістемелік кітаптар, дәстүрлі музыканы насихаттайтын әдебиеттер және әйгілі күйшілердің шығармалары қойылды. Көрменің бөлгіші:   «Бөлім, көне дүние күмбірі». Ал дәйектеме сөз ретінде Ілияс Жансүгіровтің өлең сөздері алынды.
 
Олай болса, мереке құтты болсын! Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска