Қазақстан - достықтың мекені

                                 Қазақстан - достықтың мекені
                                      кітап көрмесінің тұсаукесері

   Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына  биыл 20 жыл толды. Қазақ халқы Ассамблеясы - елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығының тұғыры. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Ендеше,біз де ұямыздағы достығымыз бұзылмауы үшін бір - біріміздің өнерімізге ғана емес, тағдырымыздың да жақсы қырынан қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында № 2 ОӘҒК оқу зал бөлімінде "Қазақстан - достықтың мекені" деген  тақырыпта кітап көрмесі құрылып, тұсаукесер өткізілді. Кітап көрме үш бөлімнен құрылды, әр бөлімге сәйкес дәйекті сөздер жазылды.
1- бөлім.   Ассамблея - бірлікке бастар жол.
2 - бөлім.  Ұлт бірлігі – ұлы байлық

3 - бөлім.  Татулық - тәуелсіздік тірегі    
 Көрменің ашу салтанатының  керме қиу рәсімін Ассамблея мүшесі қаламыздың құрметті азаматы Жәнібек Ғапбасұлы мен "Видергебург" Торғай аймақтық қоғамдық неміс бірлестігінің төрайымы Зинаида Абрамовнаға берілді. Арқалық қалалық әкімдігінің орынбасары Мәметеков Исламбек Жеңісұлы мен кітапханамыздың директоры Алма Жақсылыққызы құттықтау сөз сөйледі. Экраннан фильм көрсетіледі. Арнайы слайд арқылы көрмедегі кітаптармен таңыстырылды. Ән шырқалып, би биленді.
 20.04.2015


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска