Ақиқатты айналып өтпеген жазушы

Ақиқатты айналып өтпеген жазушы

Тақырыбы:  Ақиқатты айналып өтпеген жазушы.                                          
Мақсаты: Қазақ әдебиетін барлық салада байытқан жазушы Бейімбет Майлин өмірімен, шығармашылығын терең де түбегейлі тану, насихаттау. оқырмандардың көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру, сөйлеу шеберлігін, тіл байлығын, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктерслайд, суреттер, кітап көрме, бейне суреттер
Іс-шараның түрі: зияткерлік сайысы
Дайындағандар: № 2 ОҒӘК оқу залы кітапханашылары
Барысы:  І - тур Біртуар тұлға.   
                  ІІ - тур Білгірлік пен шеберлік
                  ІІІ - тур Бейне сұрақтар.
Жүргізуші: Қадірлі әдебиет сүйер қауым,  оқырмандар!
Биік парасат ақиық азамат, аса көрнекті жазушы, сөз зергері Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған  "Ақиқатты айналып өтпеген жазушы "атты зияткерлік сайысымызға қош  келдіңіздер!
    Бейімбет Майлин - қазақтың біртуар ардақты да аяулы азаматы. Ұшқыр ой-зердесімен, аса жүрдек қаламымен алуан түрлі сөз өрнегін салып, рухани бай қазына қалдырып кеткен сан қырлы дарын иесі, шалқар шабыттың биік тұғырынан көрінген алып тұлға. Ол жазбай кетті деген журналистиканың да, әдебиеттің  де жанры жоқ деген сөзден ешбір жалғандық сезбейміз.Төгіліп жазған, сенімді сөйлеген. Қай туындысын алмасаңыз да өз кезіндегі өмірдің, қоғамның қалтарыс - бұлтарыстарын шынайы да шебер көрсете білген.
 Олай болса, бүгінгі сайысымыз арқылы  жазушы мұрасын жаңғырту, оның шығармашылық қызметін насихаттау мақсатында тоқталып өтсек дейміз. Екі топқа бөлініп сайысымызды бастаймыз!
 " Біртуар тұлға" бөлімі бойынша сұрақтарға жауап береміз.   
 1.Б.Майлин өлеңдерінде көп жырлаған басты, негізгі тақырыбы?
                                                                                                (Кедей өмірі)
 2. Бейімбет Майлинді алғаш елге жазушы ретінде танытқан қай              
        шығармасы?
                                                                                             (Шұғаның белгісі)
3."Шұғаның белгісі"  повесінің алғашқы нұсқасы қай журналда жарияланды?
                                                                                              (Садақ)
4. Әдебиеттің үш бәйтерегі, үш діңгегі  кімдер?
                              (Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
5. Б.Майлиннің 1912 ж. алғаш жазған өлеңі қалай аталады?
                                                                                       (Мұсылмандық белгісі)

6. Майлин прозасындағы ашаршылық көрнісі қай шығармаларданда көрінеді?
                                        ("Күлпаш","Айт күндері","Аштық құрбаны")
7. Колхоздастыру дәуіріндегі ауыл кедейлерінің өмірін суреттеген қандай комедиясы мен драмасын білесіздер?
("Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Ауыл мектебі","Жасырын жиылыс",   "Келін мен шешей",  "Көзілдірікте")
8."Өмірімде көргенім күңдік,құлдық,
    Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық" -кімнің сөзі?
                                                           ( Бәйімбеттің әжесі Бойдастың сөзі)
9. "Әй, аштық. Әй, аштық,қылдың-ау!.."деген сөздер қай шығармадан алынған үзінді?
                                                              ("Аштық құрбаны".)
10Қазан революциясы мен азамат соғысының қазақ даласындағы көрнісі автордың қандай  шығармасында көрінеді?
                                                               ("Амангелді","Біздің жігіттер")
   Көркем сөз: Б. Майлин "Алашордаға"                                                                                                                                         

Жүргізуші: "Майлиннің ілеуде бір адамға ғана боларлық еңбекқорлығы мен іске қабілеттілігі тұстастарын таң-тамаша қалдыратын. Талантпен тізе қосқан еңбек аумағы мол, маңызы баға жетпес қымбат көркем мұраны бізге сый етті"- ден Ғабит Мүсірепов айтып өткендей, көрнекті жазушыдан көп мұра қалды. Қазір жинақтан - жинаққа ауысып жүрген жүзге тарта
өлеңдері, ондаған поэмалары, қырық шақты көркем әңгімелері, бірнеше танымал повестері,  мен романдары, он беске жуық пьесалары, бір жүзден астам журналистік жарияланымдары белгілі.
 Олай болса, сайысымыздың келесі бөлімінде шығармашылық таланты жарқырай ашылып, өнімді жазуы, қаламынан алуан түрлі жанрларда, сала - сала тақырыптардағы бағалы ебектерінен үзінділер оқылып оның қай шығармадан алынғаның табумыз керек. Дайын болсақ сайысымызы бастаймыз!
                        ілгірлік пен шеберлік"
1.-Бара алмаймын,
    Оған пенде бола алмаймын!
    Тентіретіп жіберсең де,
    Бұл тіліңді ала алмаймын!..-деген үзінді автордың қай өлеңінен алынған?
                                                                                         ( Мырқымбай)
2. Бұл күнді де күн бар екен көретін,
    Жасты иіп, тілекті Алла беретін.
    Жаны ашып жол бастаған жастарға,
    Ақыл тілеген азаматтар еретін.-деген үзінді Бейімбет Майлиннің қай
    өлеңінде кездеседі?
                                                                                     (Алашордаға)
3. Төске тартқан шеніміз бар,
    Патшаға жаққан ебіміз бар.
    Құдайға шүкір қойдан жуас,
    Момақан ғана еліміз бар.
Б.Майлиннің қай өлеңінен алынған кімнің сөзі. қай шығармадан?
                                                                                   (Ыбыраймыз,Ыбыраймын)
4."...Ажары қандай болса,ақылы да сондай.Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес.Сөйлеген сөзі,жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау,шіркін..."-үзінді қай шығармадан алынған.
                                                                                   (Шұғаның белгісі)
5."Алты айғы қыс тартқаны-аштықтың зардабы.Бар сенетіні - байы Мақтым ел қыдырып тілек тілеп,ерте кетіп,кеш келеді"-қай шығармадан.
                                                                                    (Күлпаш)


6."Бай-бай ызғары -ай!"Баяғы Бейсенбай болыстанда да қатаң ғой!"-
үзінді автордың қай еңбегінен және кімге айтылған сөз?
                                                                                         (Раушан - коммунист)

Көрніс: Б. Майлин "Шұға" пьесасынан үзінді

Жүргізуші:  Бейімбет Майлин ауыл өмірі, ауыл қазақтары туралы көп жазды. Ол шын мәнінде халықтық жазушы еді. Халық өмірін, оның мінезі мен дара қасиеттерін жақсы білетін. Оқырмандарға ой салу үшін, жақсылы -жаманды қылықтарын көрсету үшін бар қабілетін, шығармашылық қасиеттерін аямай жұмсаған.
Сайысымызың  келесі бөлімде ұяшық таңдау арқылы  бейне сұрақтарға жауап береді. Дайын болсақ сайсымызды бастаймыз!.
                      
                                "Бейне сұрақтар"
1.Суреттегі ненін монументі, кімдерге қойылған,қай қалада?
                                                 (1932-1933 жылдардағы ашаршылық                      
                                                  құрбандарына ескерткіші,Астана қаласында)
2.Б.Майлин мүсіні қайда қойылған?
                                                  (Қостанай облысы Таран ауданында)
3.Кімдердің портреттері?
                                                 (Әйелі Күнжамал Майлина,қызы Гүлсім)
4.Қандай фильмнен көрніс және киносценарийін жазған кімдер?
                                                  ("Амангелді" фильмі. Б.Майлин,
                                                    Ғ. Мүсірепов, В.Иванов)
5. Б.Майлин оқыған Уфа қаласындағы медресе қалай аталады?
                                                   ( "Ғалия" медресесі деп аталады )

Көркем сөз: Б. Майлин "Ыбыраймыз, Ыбыраймын"
 Жүргізуші:  Ойымызды жинақтай келіп,қорытып айтсақ, Б.Майлин - өзінің жеке басының азаматтық,адамгершілік қасиеттері жағынан да, шығармашылық, шеберлік үрдістері тарапынан да біздер мен кейінгі ұрапаққа атап айтарлық, масаттана мақтанарлық, әркез үлгі - өнеге тұтарлық, тамсандырып табындырар тағылымдар қалдырған асқаралы заңғар жазушы.
 Сайыс соңында жеңген топты анықтап, сайысқа белсене қатысып, білімін көрсеткен студенттерді бағалау, марапаттау.


Пайданылған әдебиеттер
 1.  Ақиқатты айналып өтпеген жазушы: [жазушы Бейімбет Майлин туралы:  
    суреті бар] // Аңыз адам.- 2014. - № 11. - Б. 5.
  2. Әбдиманұлы,Ө.// ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900-
     1940): оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 156 бет.
  3. Бейісқұлов,Т.Дарын даралығы / Бейісқұлов Т.- Алматы: Қазақстан,
    1994.- 136 б.
 4. Би аға: Б.Майлин туралы естеліктер / құраст.: Т. Бейісқұлов.- Алматы:   
    Жазушы, 1991.- 304 б.: суретті.
 5.Жақып,Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері: оқулық / Жақып Б.-  
    Алматы: Қазақ ун-ті, 2007.- 485
 6.Майлин,Б. Ел сыры: повестер, әңгімелер, өлеңдер, фельетондар /Б.Майлин
   - Алматы: Жазушы, 1994.- 352 б.
 7. Майлин,Б. // Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы.
     - 1986. - 344 бет.
 8. Майлин,Б.Тұңғыш құрбан: белгісіз шығармаларының жинағы / Майлин Б.;      
     құраст С.Байменшин.- Алматы: Рауан, 1994.- 254 б.
 9. Мақпырұлы,С. Сыздықов,Т.// Қазақ әдебиеті.ІІ бөлім: Оқулық.-  
     Астана:Фолиант,2007. - 284 бет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска