«Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан»

        26.02.2018 жыл 
«Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан»
                  Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының  оқу залы бөлімі  Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа  дәстүрлі Жолдауын оқырман қауымға насихаттау, Жолдаудың  ел дамуына  тигізер пайдасы мен онда көрсетілген  орындалуға тиісті  он міндеттің  маңыздылығын  түсіндіру мақсатында «Мақсаты мәңгі жасампаз елім – Қазақстан» атты үш бөлімнен тұратын көлемді тақырыптық жылдық көрме ұйымдастырылып, көрменің тұсаукесері өткізілді. Кешімізге  Арқалық қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғапбасов Жәнібек Ғапбасұлы, қалалық мәдениет сарайының директоры Алмагул Сейтжанқызы, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбеков Азамат Маратұлы және Арқалық қаласындағы медициналық колледжінің қызметкері Ахатова Асель Серікқызы қатысып, жолдау жайлы сөз сөйледі.  Іс-шара барысында жылдық тұрақты кітап көрмеміздің тұсаукесер рәсімін мәртебелі қонағымыз Жәнібек Ғапбасұлы мен ұрпақ сабақтастығының көрінісі, ел ертеңі жастар деп Азамат Маратұлына берілді.
          Сондай – ақ экраннан елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауының 10 міндеттері жайлы бейнебаян көрсетіліп, жолдау жолдарын қолдай отырып, Торгай гуманитарлық колледж студенті Ермұхан Бекзаттың орындауындағы «Қазақстаным» әні мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Қасымхан Ажардың «Астана жүрегім»  әнімен жалғасын тапты.
         Сонымен қатар, оқу залының кітапханашысы Нұғманова Гүлнұр Абайқызы,  Қалқаман Сарин ағамыздың «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Қорытынды сөз кезегін  кітапханамыздың басшысы Бөрібаева Қазына Байсабекқызына беріліп,  қаламыздың құрметті азаматы Жанібек Ғапбасұлының 70 жас мерейтойымен кітапхана ұжымы атынан  құттықтап, жылы лебізін білдіріп, кішігірім сый – сыяпат табыстады. Іс – шараға қатысушылар Елбасының Жолдауынын шығу тарихы мен міндеттерімен танысып, көптеген мәліметтер алып, көтеріңкі көңіл күймен естелік суретке түсті. Аталмыш іс-шара жергілікті «Арқа дидары» телеарнасы арқылы насихатталды.

Разъяснение Послания Президента Республики
Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана

26 февраля в ОУНБ № 2 г. Аркалыка, была проведена презентация книжнно-иллюстративной выставки «Мақсаты мәңгі жасампаз елім-Қазақстан» по разъяснению Послания Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции». Цель мероприятия - ознакомление читателей библиотеки с идеями и задачами Послания Президента, информационная поддержка и пропаганда политики Главы государства.
Библиотечное мероприятие посетили председатель Совета ветеранов города Гапбасов Жанибек Гапбасұлы, директор городского Дворца культуры Жумабаева А. С., ведущий специалист отдела внутренней политики акимата  Султанбеков А. М., преподаватель и студенты медицинского колледжа.
Послание Президента Казахстана народу содержит 10 основных целей, которые поставлены руководителем на грядущий год. Об этом в вступительном слове сказал председатель Совета ветеранов города Гапбасов Жанибек Гапбасұлы, рассказал он и о главных приоритетных направлениях развития в новой реальности.
Библиотекари читального зала ознакомили участников мероприятия с основными задачами по дальнейшей модернизации страны посредством видеороликов, звучали стихи и песни о Казахстане, провели обзор книг и документов с выставки. Заключительное слово было предоставлено директору библиотеки Борибаевой К. Б. – «В каждом слове послания ощущается твердая уверенность главы государства в правильности выбранного пути. Задачи стоят грандиозные. Но все казахстанцы знают, что вместе с Президентом мы сможем преодолеть любые трудности. Нурсултан Назарбаев за все годы независимости сумел поставить высокие цели перед нашей страной, сплотить все казахстанское общество, все общественно-политические силы и обеспечить достижение поставленных целей. Мы думаем, что и в этот раз будет также».

Завершающим моментом мероприятия стало – фото всех участников на память.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска