Осы қыстың еліміз үшін басты жаңалығы – Алматыда өткен
28-шы қысқы Универсиада ойындары. Бірінші рет, қазақ жерінде, осындай үлкен
халықаралық дәрежеде студенттік қысқы ойындар өтті. Еліміз үлкен
жауапкершілікпен, абыроймен бұл спорттық универсиаданы жоғары дәрежеде өткізді.

Бір айтып кететін жәйт, Қостанай облысының атынан,
біздің қаланың қос спортшылары, Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институттың
студенттері – Аян Байзақов пен Антон Цуркан Универсиада алауын ұстауға ие
болды.
Одан әрі Универсиадаға қатысқан елдердің
спортшыларына, жүлдегерлерге берілетін ақшалай сыйлықтардың көлемі, спорттың
неше түрі және сарапқа салынған медаль жиынтығы туралы ақпарат берілді.
Алматы
Универсиадасына әлемнің 57 елінен 2000-нан астам спортшы келді. Тікелей таратылған
телехабарға әлемнің 80 елі, миллиондаған көрермен куә болды. Барлығы 11 күнге
созылған жарыста қысқы спорттың 12 түрінен 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қысқы
спорттың ең әдемі түрі – ол мәнерлеп сырғанау. Осы спорттық жарысқа бөлек тоқталдық.
Қазақстандық спортшылар Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен туралы айтылды. Денис
алтын медальға ие болғаны жайлы мақтанышпен әңгімеленді.

Хабарлама соңында студенттерге осы тақырып
бойынша, сұрақтар қойылып ойын өткізілді. Шағын сый-сияпат көрсетілді.
Іс-шараға қатысқан Торғай гуманитарлық колледжінің
дене шынықтыру бөлімінің 2 курс студенттері белсенділік танытты.
Бөлімде тақырыпты сөре ұйымдастырылып, 8 кітап, 12
газет пайдаланылды.
Хабарламаны дайындаған: бөлім кітапханашысы А. Тануева.
Комментариев нет:
Отправить комментарий