«Сан қырлы талант иесі»

20.04.2017                   

                                    «Сан  қырлы талант  иесі»
                        Нәзипа Құлжанованың туғанына 130 жыл

Кітапханамызда өтіп жатқан кітап апталығы аясында  2017 жылдың 20 сәуір  күні  оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен киелі Торғай тумасы  қазақтан шыққан алғашқы педагог -ағартушы, журналист, аудармашы Назипа Сегизбайқызы  Құлжанованың  туғанына 130 жыл толуына орай «Сан қырлы  талант иесі» атты  арнау кеш болып өтті.
Кештің алға қойған мақсаты - ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұнғыш педагог, әрі – журналист-публицист Нәзипа Құлжанованың өмірі мен қызметі туралы оқырмандарға таныстыру және Назипа  мұраларын ұлықтау.
Көрнекілігі:   Н. Құлжанованың 130 жылдық мерейтойына  арналған «Алғашқы  қарлағаш» атты тақырыпта кітап көрмесі, ол туралы естелік  сөздер, гулдер,  шарлар, слайд, видеофильм.
Назипа Құлжанованың сан қырын саралау  мақсатында кеш 3 бөлім төңірегінде  жүргізілді. 
1. Нәзипа Құлжанова – ұстаз, ағартушы,  қаламгер.
2. Нәзипа Құлжанова – заманында ірі мәдени-қоғамдық істердің      ұйымдастырушысы, ұйтқысы болған қайраткер.
3. Нәзипа Құлжанова – қаламы жүйрік журналист, талғамы биік.       
Осындай жоспарды бекке алған кештің шымылдығын  кітапхананың белсенді оқырманы Арқалық экономика және құқық колледжінің 3 курс студенті  Жасұлан  Нұрлыбекұлының   кеш иесіне арнап өзі шығарған арнау өлеңі   ашты.  Жас өреннің талабына көпшілік риза  болды.  Кештің осы алғашқы бөлімінде сөз  алған  ардагер оқырман, Назипа апамыздың жерлесі  80 жастағы Өрекен  Алматов атмыз сөз алды. Қарт оқырманды қалт жібермей тыңдаған  жастар Назипаның өмір жолы мен  халыққы жасаған барлық еңбектерін   тыңдап білді.
 Одан  әрі кеш кезегі  ұстаз ағартушы жайлы  арнайы бейне фильмге  берілді.  Бейне-көрініс  арқылы  оқырмандар Серік Негимов,  Қайыржан Мақанов, белгілі торғайлық ақын Серік Тұрғынбеков,  АрМПИ нің  Ыбырай Алтынсарин мұражайының басшысы  Пернегул Әлімқызының  әсерлі   әңгімелерін  тыңдады.
Осы тұста  кеш жүргізушісі  Анар  Ерланқызы кезекті «Торғай қызы» әніне берді.
         Ән әсерімен кештің екінші  бөлімі де басталып  кетті.  Жүргізушінің астарлы сөзінен кейін  кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар  Назипа Құлжанова атындағы Торғай гумманитарлық колледжінің  оқытушысы Гүлім Сейілбекқызы бастап келген  студенттерге кезек берілді.
Назипаша киініп шыққан  1 курс студенті  Н. Құлжанованың нағыз ізбасарлары екенін көрсетіп, қайраткер қазақ қызының  тек  ұстаз ағартушы ғана емес, өз заманындағы барлық қоғамдық мәдени шаралардың  ұйытқысы бола білгенін атап көрсете білді.   Арнайы дайындап әкелген слайд  материалдарын да көрсетті.   Жалынды жастың жасампаз сөзінен кейін  орындалған  « Торғайдың  алыптары» әні  залды бір сергітіп  тастап келесі бөлімге  есік ашты.
Кештің  үшінші бөлімінде сөз тізгінін  Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының  тарих филология факультетінің  мектепке дейінгі  бастауыш оқу әдістеме кафедрасының аға оқытушысы  Қымбат  Шашубайқызы  бастап келген   қонақтар алды. Олар өз кезегінде, Назипа Құлжанованың аса  құнттап қараған  мәселесі  мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу  мәселесі екенін атап өтті. Яғни, ел болам десең бесігіңді түзе дегендей,  ел ертеңін  бала жастан тәрбиелеу керектігіне келіп саяды.  Жалпы айтқанда қазіргі ұрпақтың қамын  осыдан бір ғасыр  бұрын  қайсар қазақ қызы қолға ұстатқандай етіп  айтып кеткендігін  түсінуге  болады
Кеш  соңында кітапханашы  Шагирова Әсел  кеш қонақтарын  арнайы  ұйымдастырылған  «Алғашқы қарлығаш»  атты кітап көрмесімен  таныстырып,  ондағы құнды  мұраларға шолу жасап өтті.

       Қорыта айтқанда,  алып ағартушыы,  жазушы, журналист  Назипа Құлжанова  мұрасы мәңгілік.   Қасиетті  Торғай елінің тумасының  елге жасаған еңбегі  әлі де жарқырай түспекші  оның айғағы  бүгінгі  білімді, ізденімпаз ұрпақ.  Білімді  болу үшін кітап оқуымыз керек.

«Ее судьба – быть первой»
К 130-летит Назипы КУЛЖАНОЙ- вечер-посвящение

В рамках Недели Книги, посвященной Всемирному дню книги и авторского права, сотрудники читального зала ОУНБ № 2 города Аркалыка провели вечер-посвящение. Она была приурочена к 130-летию первой казахской журналистки, публициста, психолога, педагога-просветителя и общественного деятеля Назипы Кулжановой (1887-1934), которая активно поднимала вопросы равенства, социализации женщин, здравоохранения и образования. Ее высоко ценили лидеры движения «Алаш» – Ахмет Байтурсынов, Алихан Букейханов, Смагул Садвокасов и многие другие.
В 1920 году Назипа Кулжанова стала членом комиссии Наркомата просвещения Казахской автономии по подготовке учебников и книг. Она принимала участие в разработке казахской азбуки, была автором дидактичес­ких трудов «Традиционное воспитание в школе», «Воспитание матери и ребенка», тематика которых остается актуальной и по сей день. Она советовалась с Сакеном Сейфуллиным, Беимбетом Майлиным, Мухтаром Ауэзовым, Сабитом Мукановым, Габитом Мусреповым…
Известный поэт Султанмахмут Торайгыров посвятил Назипе поэму «Знакомство», в которой описал грани ее личности: честность, женственность, отзывчивость и деловитость. «Последнее качество, – отметил поэт, – отсутствует даже у многих мужчин».
Назипа Кулжанова известна как педагог-ученый и переводчик. Благодаря ей произведения Абая, Ибрая зазвучали на русском языке. А казахи познакомились с творчеством Льва Толстого, Максима Горького, Александра Куприна, Владимира Короленко и других русских писателей. В исполнении Назипы композитор Александр Затаевич переложил на ноты песни «Плач Кадыра», «Гайни-ау, саулем»…
 Открыл вечер, Жасұлан  Нұрлыбекұлы, студент 3 курса Колледжа экономики и права, специально сочиненным им песней-посвящением. Затем выступил Өрекен  Алматов, почетный пенсионер города, земляк Назипы Сегизбаевны. Он вспомнил, из рассказов старших о Назипе, активно включившейся в решение государственных и общественных проблем начала ХХ века, о ее одарённости и целеустремленности. Из его воспоминаний - Она родилась в городе Торгай 27 июля 1887 года. В тот период у городских девушек не было таких преград, как в ауле. Одарённая и целеустремленная Назипа в 1902 году завершила обучение в Костанайской русско-казахской гимназии, и в 1903-04 годы преподавала в учительской семинарии. В судьбе Назипы есть эпизод, который показывает ее смелой и волевой. В те времена бедные и старые родители Назипы, задолго до ее зрелого возраста получили за нее калым — плату за невесту. Она отказалась выходить замуж не по любви, но степные обычаи обязывали ее вернуть калым, для возврата которого, у ее семьи не было средств. В этой непростой ситуации Назипа обратилась за помощью к областному военному прокурору и в итоге получила ее. Далее Назипа вышла замуж за избранного ею Нургали Кулжанова, преподавателя Джетыгардинско-Чубарской волостной школы. Он был человеком известным, одним из выдающихся просветителей тех времен. После событий 1905 года в России, дабы избежать излишних неприятных слухов со свадебными делами, молодожены уехали в Семипалатинск, в места духовного расцвета. Назипа уже в 1913 году получила полноправное членство в группе «Гражданские спутники» Семипалатинского отделения русского географического общества.
…Назипа скончалась в центре Алма-Аты, забытая всеми. В конце 90-х годов Союз журналистов Казахстана по инициативе Камала Смаилова, кандидата искусствоведения, учредил премию имени Назипы Кулжановой. Педагогическому колледжу города Аркалык было присвоено ее имя.
        
На вечере-посвящение  приняли участие преподователи и студенты Торгайского гуманитарного колледжа, который носит имя Назипы Кулжановой, исследующие творчество Н.Кулжановой, ее земляки.
Вниманию собравшихся была представлена книжная экспозиция, подготовленная сотрудниками читального зала ОУНБ  № 2 , а представила ее Асель Шагирова. В экспонатах нашли отражение публикации Назипы в журнале «Айкап», первых национальных СМИ, а также материалы, рассказывающие о ней.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска