Елімнің мақтанышы – еңбек адамы

Елімнің мақтанышы – еңбек адамы

    Қаладағы Облыстық №2 әмбебеп ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде «Еңбек күні» мерекесіне орай «Елімнің мақтанышы-еңбек адамы» деген тақырыпта кеш болып өтті. Кештің мақсаты  мамандықтар жөнінде мағұлмат бере отырып, мамандық таңдауда жауапкешілікті қалыптастыру, әрбір адам алдына мақсат қоя білуі, мақсатына жету үшін аянбай еңбек етуі керектігін жас ұрпаққа түсіндіру, туған жерімізде ерен еңбектерімен, кәсіпкерлігімен халықтың, елдің қолдауына ие болып жүрген азаматтардың еңбектерін оқырман қауымға насихаттау болды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласының жариялануы жаңарған, жаңғырған қоғамыздың өміріне рухани күш-қуат, тың серпін берді. Осы мақалада Елбасымыз «Әркім өз еңбегі арқылы мемлекетті көркейте білсе, сонда ғана мемлекет қуатты болады. Адам қандай мамандық иесі болса да, өз ісінің шебері болуы керек. Сондықтан әрбір адам өз қабілетіне қарай мамандық таңдауы керек. Әркім өзіне табиғат берген дарынын дамыту керек, соған сәйкес бір мамандықты ғана таңдап, соның шыңына шығу керек. Бұл да Отанға қызмет ету болып саналады» деді. Еңбекті сүю, еңбек ете білу, өз болашағың мен елдің келбетін адал еңбек арқылы қалыптастыра білуде - өнер. Еңбексіз өмірде ештеңеде болмайды. Еңбегімен еліне үлгі бола білген, өз ісінің қыр-сырын бес саусағындай білетін қаламыздың құрметті азаматтары Жиенбаев Қайырден ағамыз бен алғашқы құрлысшы, «Алюминистрой» ЖШС-нің инженері, еңбек ардагері Шериязданов Совет ағамыз қонаққа келіп, болашақ жас мамандарға өздерінің жүріп өткен еңбек жолдарын баяндап, жақсы маман болу үшін қажырлы еңбек пен мамандыққа деген махаббат керек екенін, өз ақыл-кеңестерін берді. Кеш барысында оқырмандарға заманауи мамандықтар жөнінде мағұлматтар беріліп, ән шырқалып, көркемсөз оқылды.
                                                                                                 
                                                                                               Шагирова Әсел

                                                                                  Оқу залының кітапханашысы 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска