Ұлт намысын ту еткен

                         Ұлт намысын ту еткен.
                                                                          
    «Қазақстан – 2030» бағдарламасымен, «Спорт – денсаулық  кепілі» айдарында  Өнер бөлімінде Бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, Олимпиаданың екі мәрте күміс жүлдегері Нұретдинұлы Болат Жұмаділовпен «Ұлт намысын ту еткен» тақырыбында сұхбат кеш өтті.
  Сұхбат кешке қаламыздағы «Қайрат» спорт кешенінің
жаттықтырушысы Марат Сейтмағанбетов, ұстаз-ақын
-Сабыржанұлы Сейтқали Оташев, мұражайдың ғылыми қызметкері, айтыскер-ақын Азамат Мәлжанбай, ТАТК сту

денттері , Қалалық «Арқалық хабары» газетінің тілшілері қатысты.Он жасынан бастап өмірін спортқа арнаған «Жұдырығы алтын жігіт» деген  екінші аты бар Болат Нұретдинұлы өз
өмір жолдарынан, балалық шағы, спорт алаңы, жеткен жетістіктері жайлы қызықты әңгімелер айтты. Қазақтың
көк байрағын көкке көтеріп, Мемлекетіміздің даңқын асырған Бекзат Саттарханов пен Дәулет Тұрлықанов және
тағы да басқа спорт саңлақтарымен болған кездерінен үлгі
боларлық естелік әңгімелер айтты. Кеш қонағы жастар қойған сұрақтарға тәрбиелі де өрелі жауаптар беріп, жастар
дың бос уақыттарын сапалы да, саналы түрде пайдалана
білгендері өз болашақтары үшін пайдалы екенін ақыл етіп айтты. Сұхбат кеш қонағы жайлы тақырыпты сөре ұйымдастырылып, экраннан спортсмен жайлы фото-слайд көрсетілді.
Сұхбат кешін ұйымдастырған және өткізген:
Өнер бөлім қызметкерлері. 19 мамыр.2011 жыл.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска