Салт-дәстүр асыл қазынам

Салт-дәстүр асыл қазынам
(интеллектуальдық сайыс)

Наурыз –көнеден келе жатқан мейрам .Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтарының дәстүрлі мерекесіне айналған.

 Наурыз – бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн..Қазақ халқы үшін үлкен мейрам, жаңа жыл болып саналған. Жыл басы- Наурыз халқымыздың салтында ойын күлкінің көркі мен сәні.
Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.  Осы мақсатта  №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының абонемент бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Арқалық қалалық  медреседе «Салт-дәстүр асыл қазынам»  атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа / 22 медресе шәкірттері қатынасты/
 Сайысымыз 7 бөлімнен тұрды.
1.Сыр сандық сұрақтары. / Салт-дәстүрдің бірі жазылады, сандықтан суретін алып  қандай салтдәстүрге жататынын айтады./ 

2.Ұлттық тағамдар:/ бұл сұрақа 30 секунтын ішінде 2 команда бердей жауап береді жазбаша түрде/

3..Мақал-мәтел құрастыру. /мақалдың басын бастайды , командалар аяқтауға тиіс./
4. «Өлмес өнеге» деп аталады    қазақтың ырымдары - /бұл сұраққа  
      30 секунтын ішінде 2 команда бірдей жауап береді жазбаша түрде./
5.   «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
6.Ұлттық ойын./ команда бойынша қазақ халқының ұлттық ойынынан көрсету.
7. Наурыз тілек.
  Сайысқа «Тапқырлар», «Әз-Наурыз» командалары  қатынасып, әділқазылар сайланды.
Мерекелік іс-шара қазақтың салты бойынша  шашу шашылып, абонемент бөлімінің меңгерушісі-Нәзира Нұрсұлтанқызы құттықтау сөзімен ашылды.
 Сайысқа балалар өте белсене қатынасып, өз жауаптарына толық жауап беріп отырды. Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміз көнермейтіндігін, ұлттық мұраны қайта жаңғырту керек екенін түсінді. Өздері куә болған дәстүрлерді көкейлеріне тоқып, саналарына сіңіріп алғандай болды.
Сайыстың Наурыз тілек бөлімінде студент жастар жолдастарына,ұстаздарына наурыз тілектерін жаудырды.Салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына мол сенімдеміз .





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска