«Ұлттық ұлы қазына»

«Ұлттық ұлы қазына»
                                              кітап бенефисі.
 Биылғы « Бір ел - бір кітап » акциясы бойынша қазақтың ұлы жазушысы, ата тарихының асқан білгірі, соңына мәңгі өлмес мол мұра қалдырған қанатты қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясы таңдап алынған болатын.  Осы мақсатта «Ұлттық ұлы қазына» деген тақырыпта кітап бенефисі өтілді.  «Көшпенділер» трилогиясы «Алмас қылыш», «Жанталас» және «Қаһар» романдарынан тұратын, бес ғасырлық оқиғаны ХV- ХІХ ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезеңдері суреттелген тарихи роман. Бенефис барысында Романын әрбір бөлімге жеке –жеке тоқталып, әр бөлімге сәйкес «Көшпенділер» кино фильмнен үзінділер көсетілді.                      "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы - Әбілхайыр, екінші жағы - Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі - Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Романның басты идеясы - қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері жайында тоқталдық.   "Жанталас" романында ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншылары мен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.                                                                                           
"Қаһар" романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі. Қаһары айға шапқан арыстандай халық "Аттандап" атқа отырып, Қазақ батырлары Шұбыртпалы Ағыбай, Табын Байтабын, Алтай Төлебай, Бестаңбалы Бұқарбай, Бағаналы Құдайменді, Қыпшақ Иман секілді ерлердің ерлігін жырлайтындығын айта отырып оқырмандарды елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерге баулыуға баса назар аудардық.                "Ұлттық рухты оятқан  ұлы суреткер" атты тақырыптық кітап көрмесі  жыл бойы жұмыс жасады. Іс –шара  барысында жазушының өмірі жайында арнайы слайд дайындалып, өмірі жөнінде экран арқылы бейне фильмдер көрсетілді. Жазушыға арналған ақындардың арнау өлеңдері оқылды.
                                         

                                          Дайындап өткізген Акшалова Ұлтуған

                                                                                 17.09. 2015.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска