Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ


21.10.2019. ж.
                      Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ
Дәл осындай тақырыпта өнер бөлімшесінің ұйымдастыруымен жастар арасында пікірталас өтті. Ортаға, талдануға берілген сұрақ: «Жастар және дін: рухани қажеттілік пе әлде сән бе?
Іс-шараның басты мақсаты – бүгінгі күннің өзекті мәселесі, жастардың дінге деген көзқарасы және пікірі болып табылады. Осы тақырыпты ашу барысында пікірталасқа қаламыздың  «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы -  Бектұрсын Торғайбайұлы, Арқалық педагогикалық институтының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің директоры -  Роман Аймағамбетұлы, Арқалық қаласындағы облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі – Мұрат Жүнісов, қаламыздағы «Жастар ресурстық орталығының» директоры – Аманкелді Серікұлы, «Жас Отан жастар қанатының» төрағасы – Жандос Ерғазыұлы сынды құрметті қонақтар арнайы шақырылды. Сұрақ өте қызу талқыланып, бүгінгі ұрпақ және алдыңғы буын өкілдері арасында ашық әңгіме, тәрбиеге толы сұхбат өтті. Мысалы, Бектұрсын имам өз сөзінде, жастарға үлгі болар тәлімді ойларымен бөлісті, ал ұстаз ағамыздың пікірі бойынша, адам рухани бай болу үшін, білімді, иманды, мәдениетті болу керек екенін басып айтты. Жастар атынан Аманкелді Серікұлы, Жандос Ерғазыұлы, Батырлан Сағынтаев, Рауан Абдуллажанұлылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді. Пікірталас өз мақсатына жетіп, жастардың ойы бойынша дін дегеніміз, бұл рухани қажеттілік деген ой түйінделді. Іс-шараға Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, ұстаздары атсалысты.
«Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ»
         21 октября 2019 года в нашей библиотеке прошел диспут «Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ», организованный сектором искусства. В нем приняли участие главный имам городской мечети Бексултан Торгайбайулы, директор  Молодежного ресурсного центра Амангельды Ахметжанов, директор  проектного офиса «Рухани жаңғыру» АркГПИ Роман Аймагамбетулы, студенты АркГПИ и гуманитарного колледжа.
         Студенты обсуждали такие актуальные вопросы, как молодежь и религия, взгляды молодежи на религию или это дань моде, национальное самосознание и воспитание, роль и значение программы «Рухани жаңғыру», главной целью которой является повышение конкурентоспособности Казахстана через всестороннюю модернизацию культурной идентичности.
         По итогам встречи участники поделились своим мнением и отметили полезность проведенного диспута.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска