«Кемел ойдың күмбезі»
арнау кеші

Халқымыздың сондай заңғар, биік, ұлы
перзенттерінің бірі - Өзбекәлі Жәнібектің 85 жасқа толуына арналған «Кемел ойдың күмбезі» өмірі мен
шығармашылығына арналған арнау кеші оқу залының қызметкерлері ұйымдастыруымен
өтті. Бұл кешке КР мәдениет қайраткері Жұмағали Өмірбекұл және Дала өлкетану
мұражайын директоры Елтебаева Гүлбану қатысып Өзаған Торғайда еңбек еткен жылдарда қандай да бір
мәдени шаралар жүзеге асырылса, тың бастамалар туындап, жаңа өнер ұжымдары
ұйымдастырылып, мәдени ошақтар бой көтерсе, соның бәрі-бәрісі Өзағанның тікелей
басшылығымен жүргізілгені жайында үлкен құрметпен еске алды. Сонымен қатар
Ө. Жәнібековтың кітаптарын
көрмелер құрылып, бейне фильмдер
көрсетілді. Бұл кешке «Серпін» бағдарламасы бойынша келіп оқып жатқан
студенттер қатысты.
25 .10. 2016
Комментариев нет:
Отправить комментарий