«Елдік пен еркіндіктің жыршысы»

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған азаттық жырының ақтаңгері Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған  «Елдік пен еркіндіктің жыршысы» деген тақырыпта құрылған көрменің  тұсаукесерінің ашылуы салтанатты түрде болып өтті. Керме қию рәсімі Облыстық далалық-тарихи өлкетану мұражайының директоры Гүлбану Төкенқызы мен «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, ақын Мұрат Жүнісұлына берілді.
Көрменің «Азаттық жырының ақтаңгері» бірінші бөлімі отаршылдыққа қарсы қаламын найза, тілін қылыш етіп күресіп, қазағының қамын ойлап күңіреніп өткен ақын – Дулат Бабатайұлының өмір жолына,  «Ғибратты қазына»  екінші бөлімі  Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналды.
  Дала дарыны Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша өкіметінің отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан патша өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би, болыстардың алым-салығы титықтатқан шақ бұқара халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай аумалы-төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол тұстағы өмір шындығы арқау болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Кеш барысында Дулат бабамыздың жыр маржандарын оқырмандарымыз нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.
«Тегімді менің сұрасаң» өлеңін оқыған  АМПИ-ның 3-курс студенті Ырысбай Ғабит. «Бараққа» өлеңін оқыған  АМПИ-ның 1-курс студенті Жаденов Оралхан. «Әуелгі қазақ деген жұрт» өлеңін оқитын АМПИ-ның 2-курс студенті Қошан Әсем. "Ақжайлау мен Сандықтас" өлеңін оқыған  Әмірбекова Әсем Н.Құлжанова атындағы колледжінің студенті.

Сонымен қатар, «Еспенбет» дастаны туралы экраннан бейне жазба көрсетіліп, слайдтар әзірленіп, Кітап көрмесі құрылды. Жалпы 35 әдебиет насихатталды.



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска