«Қазақ көгіне шуағын шашқан күн»


«Қазақ көгіне шуағын шашқан күн»
          18 қазан  күні біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа кезеңі XX ғасыр басындағы дәуірдің шындығын, қоғамдық ой – пікірдің дамуын, әдебиетті жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  туғанына 125 жыл толуына орай,  Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасындағы оқу залының ұйымдастыруымен Арқалық қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтының  жатаханасында  «Қазақ көгіне шуағын шашқан күн» атты әдеби кеш өткізілді.Кештің ашылуы ақын С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты әнімен басталды.  Осы іс-шараға Арқалық қаласының Мемлекеттік Педогогикалық Институтының 1 курс студенттері С.Торайғыровтың өмірбаяны мен шығармашылығын тереңірек  танысып, лирикалық өлеңдері, роман және поэмалары насихатталды. Экраннан ақынның «Қамар сұлу» романынан үзінді көрсетіліп, сұрақтар қойылып, еңбектері мен жарыққа шыққан кітаптары тамашаланды. Бұл әдеби кештің мақсаты: Ұлы тұлғаның  өлеңдері арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру.
Лирикалық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін кітапхана қызметкері Рахметова Мира , Арқалық қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері  Есіркеп Жансая, «Шығамын, тірі болсам, адам болып »,Өтеубек Ақерке «Оқып жүрген жастарға», Жұмабайқызы Ғазиза «Мен қазақ» өлеңдерін  мәнерлеп оқып берді. Ақынның кітаптарына жеке – жеке шолу жасалынып, насихатталды.




Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска