«Жас талант»

«Адалдық – амандықтың кепілі»   ой жүйріктер сайысы   2-тоқ

Әлемді кітап арқылы таны               пікір-талас                     3-тоқ.

«Болашақ – жарқын шақ»
10 қараша-Халықаралық жастар күні    ән-жыр кеші           4-тоқ.

«Қын түбінде біз жатпас
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні            поэзия кеші            4-тоқ


                                      Хабарлама
    Өнер секторы жанынан құрылған «Жас талант» клубы жыл сайын құрылған жұмыс жоспары мен және қосымша жастар ұсынысымен жұмыс істеп келеді. Клуб мүшелігіне бойында өнері бар, бос уақыттарында сүйікті ісімен айналысқысы келетін әнші, жыршы, ақын жанды жастарды шақырады. Осы 2013-2014 жылдарыға  клубқа 15 студент жастар тіркелді және мүшелері өзгеріп тұрады, еркіндік берілген. Клуб мүшелері бөлімде өткізіліп жатқан іс-шаралардың барлығына дерлік белсенділік танытады.     Атап өтсек, 2014 жылы Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған  «Өнер тұңғиығы тұнған шежіре» тақрыбындағы кітап көрмесі және «Тау тұлға» деректі фильмін көрсетіп жастарға насихаттау үшін Политехника колледж жатақханасының, Акт. Залында іс-шара өткізгенде клуб мүшелері белсенділік танытты.
 Бөлімде Арқ.МПИ-дің ұстазы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлымен өткен «Өнер әлеміндегі өнегелі тұлға» тақрыбындағы сұхбат кешіне, Өнертанушы, сазгер Бораш Әбеновтың 65 жылдығына арналған «Өнермен өрнектелген өмір» имидж коктейльіне, Қазақтың халық ақыны, айтыскер Қонысбай Әбілдің 60 жасқа толуына арналған «Өмірді жырымен өрнектеген» портрет кешіне т.б. ат салысып, өз өнерлерін көрсетті. Мысалы: Жаңбыр Айдана Жанысбекқызы, Сұлтаншәріпқызы Айтаңсық, Мусалиева Тамирис, Жүзбай Шынболат ақынның өлеңдерін, сатираларын оқып, домбыра шертіп, халық әндерін орындап қонақтарды риза етті. Клуб жастары  оқу орындарының студент жатақханасында жастар арасында да жұмыстар жүргізгенде  белсенді атсалысады.  Политехникалы колледж жатақханасының ішінен «Әдебиеттерді беру пункітін» аштық. Бөлім қорынан  жастарға арналған қолдары бос уақыттарында оқитын басылымдар апарылып тұрды. Осы іс-шараның басы-қасында клуб мүшелері жүрді.  Клуб жастарының өткізген іс-шараларының барлығы дерлік өз еріктерімен, жұмыс жоспарын қамти отырып жүргізіледі.
 Клубтың 2013 жылдың жұмыс жоспарындағы соңғы  желтоқсан айында өткен 1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі» тақырыбындағы дебат өте жақсы өтті. Қаланың оқу орындарының белсенді жастары, «Жастар» бастамалар орталығының жастары  қатысып, өз ойларын ортаға салды. (Қостанай таңы. 4.ХІІ. №137. 3 б.)
 2014 жылдағы  клуб жоспары бойынша мамыр айында «Адалдық – амандықтың кепілі» тақырыбында пікір-талас өтті. Пікір-таласқа қаланың «Жастар бастамалар» орталығының жастары, оқырмандар, Арқалық Медицина колледж студенттері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Алдын-ала берілген сұрақтарға жастар жақсы дайындықпен келіпті. Әмірбекова Әсем, Балтабаева Индира, Жұмакенов Айбол, Сабыр Қанат және тағыда басқа жастар өз ойларын ортаға салып, жақсы пікірлерін айтты. Пікір-таласта «Адалдықтық қоғамдағы орыны», «Амандық тәрбиесінде жастардың көз қарасы», «Амандық адалдықтың кепілі» тақырыптарында жастар   өз ойларын ашық айтып, бір жақсы түйін түйіп кетті деп ойлаймыз.
      Клуб жастары жазғы демалысқа кетулеріне орай осы пікір-таластан кейін қыркүйек айына  дейін үзіліс болады. Қала жастары хабарласып тұрады.
Тағыда  клубтағы өзгеріс: Клуб басшысы – Жүзбай Шынболат Арқ.МПИ- ды оқуын аяқтап, жоғары білімді диплом алуына орай құттықтап, марапаттадық, және басшылығын, құжаттарымен келесі жас  басшыға тапсырды. Ал, 2014 жылдан клуб жұмысын  келесі жылдарға жалғастыратын клуб басшысы етіп – Жаңбыр Айдана Жанысбекқызын сайланды. Айдана - Арқ.МПИ-дың «Филология-Педагогика» факультетінің 1-ші курс студенті. Көркем сөзді жақсы оқитын, өнерлі жас. Клуб жастары өзгеріссіз ары қарай өз жұмыстарын жалғастырады.

             «Жас талант» клуб жетекшісі - Әлия Қарсақбайқызы.










                                   








Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска