«Арқадан ескен ән самал»


«Арқадан ескен ән самал»
Қазақ даласының талантты перзенттерінің бірі, танымал әнші-сазгер, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдин биыл 65 жасқа толды. Арқалық қаласындағы  облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапхананың арнаулы шақыруымен Қалибек Деріпсалдин

4 шілде күні Арқалыққа келіп, «Арқадан ескен ән самал» ән кешінің құрметті қонағы болды.  Жерлесімізге арналған ән кеші  Өтепбаев Тобан ақынның сазгерге арналған арнауымен басталды.  Одан әрі қонағымызға сұрақ беріліп, сазгердің туған жері, ата-анасы, өскен ортасы, ұстаздары, оқыған оқу орны жайлы толық мәліметтер берілді. Әңгіме барысында білгеніміз, сазгер 150-ден астам әннің авторы, бұдан бөлек, бірнеше күй шығарған кәсіпқой өнер иесі. Кеш барысында сазгердің  «Аяулы жан аға» сөзі: Хамитбек Мұсабаевтыкі, «Қостанай туралы ән» сөзі: Төлеген Сейдахметовтыкі, «Сарыадырым» сөзі: Хамитбек Мұсабаевтыкі, «Айлы түнде» сөзі: Серікбай Оспановтыкі, «Көктем қыздар» сөзі Жұмаш Сомжүрековтыкі, басқада әндері көрермендерге керемет көңіл күйсыйлады. Сазгердің мерейтойына орай, Қостанайда «Көктем-қыздар» республикалық ән байқауы өтті. Ән мерекесіне Торғай-Тобыл өңірінің сазгерлерінің әндері орындалып, Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығы кеңінен насихатталды. Осындай қуанышты хабармен ағамыз жерлестерімен бөлісе отыра әңгімелеп берді.

Кешке ардақты ел азаматтары, сазгердің жанашыр ағалары қаламыздың өнер  адамдары, оқу, мәдениет орындарының өкілдері, қарапайым өнер сүйер қауым атсалысып, белсенділік танытты. Композитор Қалибек Деріпсалдинге жылы лебіздер айтылып, өміріне, өнеріне шығармашылық  табыс тіленді. Әнші-сазгер Қалибек Деріпсалдыұлының мерейтойына Өнер бөлімі ыждахатты дайындалды. Шақыру билеттері таратылды, Фотослайд жасалды, кітап көрмесі ұйымдастырылды, сазгерге арналған жаднама жасалып, қонақтарға сыйға берілді.

Кешті ұйымдастырып, жүргізген өнер бөлімінің меңгерушісі, Торғай өлкесінің өнер адамдарын насихаттап жүрген – Әубәкірова Әлия Қарсақбайқызы. Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің жылы  ықыластарына бөлендік! 





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Көпшілік іс-шара/Массовые мероприятия

Общее·количество·просмотров·страницы

Translate

Wikipedia

Результаты поиска